14-параграф. Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі 92. Лауазымдық міндеттері: интернаттың қызметін басқарады, тұтас оқу-тәрбие процесі шеңберінде тәрбиешілер мен басқа да қызметкерлердің жұмысын бақылауды жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізу бойынша жұмысты үйлестіреді; білім беру процесінің сапасын бақылауды жүзеге асырады; тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, педагогикалық тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, педагогтар мен білім алушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді; тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді; оқу-тәрбие, әдістемелік, мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады; тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қағидаларын, санитариялық және өртке қарсы қағидаларды сақтауды бақылауды жүзеге асырады; интернатта тұратын тәрбиеленушілерді тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен, тамақтандыруды ұйымдастырумен қамтамасыз етеді; интернаттың, білім беру ұйымының және білім алушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады; интернат қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. 93. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін; педагогикалық этиканың нормаларын; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды. 94. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жылдан кем емес; және (немесе) педагог – сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог - шебер біліктілігінің болуы.