5-параграф. Білім беру ұйымдарының музыкалық жетекшісі 166. Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды, тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеуді және эстетикалық дамытуды жүзеге асырады; музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби меңгерген; музыкалық және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалармен жеке жұмыс жүргізеді, музыкалық дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді анықтайды; дене шынықтыру сабақтарын, спорттық демалыстар мен ойын-сауықтарды ұйымдастыруға қатысады; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ойын қызметін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді; педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің жұмысына қатысады; білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жұмыс практикасына инновациялық тәжірибені енгізеді; білім алушыларды, тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге консультация береді; музыкалық даму деңгейлерін қадағалайды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды. 167. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді; әр түрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы музыкалық шығармаларды; сабақтар мен репетицияларды өткізу әдістемесін; педагогикалық этиканың нормаларын; педагогика және психология негіздерін, музыкалық қабылдау, эмоциялар, әртүрлі жастағы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің моторикасы мен музыкалық мүмкіндіктерін, балалар репертуарындағы музыкалық шығармаларды; музыкалық тәрбие әдістемесін; дәрігерге дейінгі медициналық көмектің, экономиканың, еңбек заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрттен қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды. 168. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл. 169. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: балаларды музыкалық тәрбиелеу әдістемесін білуге; балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық даму бағдарламаларын орындауға; білім беру ұйымының білім беру бағдарламасы шеңберінде балалармен бұқаралық іс-шараларды (музыкалық кештер, ойын-сауық, ән айту, хороводтар, билер, қуыршақ және көлеңкелі театр көрсетілімдері және өзге де іс-шаралар), балалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға тиіс; 2) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістемелерін, балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін пайдалануға; ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс балаларды дамытуға; музыкалық аспапты кәсіби қолдануға тиіс; 3) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға; балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістері болуға тиіс; 4) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға; балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістері болуға; облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.