Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы



бет80/91
Дата14.02.2023
өлшемі150,25 Kb.
#67875
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91
12-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы

284. Лауазымдық міндеттері:


мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;


жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;


оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;


білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;


оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;


білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;


жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;


білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.


285. Білуге тиіс:


Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;


мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;


педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;


басқарудың инновациялық әдістері;


педагогикалық этиканың негізгі нормалары;


экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.


286. Біліктілікке қойылатын талаптар:


жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;


және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.


287. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:


1) "педагог":


білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;


білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;


білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;


білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;


кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру;


цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;


2) "педагог-модератор":


"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:


оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;


білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;


білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;


3) "педагог-сарапшы":


"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:


ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;


тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;


аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;


аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;


4) "педагог-зерттеуші":


"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:


сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;


білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;


аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;


облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);


облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);


5) "педагог-шебер":


"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:


Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;


ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;


тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;


республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет