Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-тарау. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары



бет29/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
4-тарау. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары
1-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының басшысы (директоры)
102. Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады;
білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады;
білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлесіп жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп қағидаларын және өзге де нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
ұйым қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
кәсіптік–еңбек, оқу–танымдық, дене шынықтыру–сауықтыру бағытындағы компоненттерді қамтитын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке бағдарламаларын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушінің жеке басының ақыл-ой, эмоционалды және дене бітімінің дамуына, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, даралықты дамыту, азаматтылық пен патриотизмге, өз еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу үшін жағдай жасау жолымен зияткерлікті байытуға ықпал ететін өмір сүру, оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті, үй жағдайларына жақындатылған жағдайларды қамтамасыз ету жолымен мемлекеттік көмекке және қолдауға мұқтаж балалардың білім беру бағдарламаларын - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ және басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін білуге;
ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқу процесінде жағдай жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады;
оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді;
оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;
мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін растау жөніндегі, сондай-ақ тәрбиеленушілерді отбасына одан әрі бейімдеуге психологиялық даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) орналастыруды және беруді қамтамасыз етеді;
асырап алушы ата-аналарды даярлау бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне өмірлік қиын жағдайды еңсеруде жеке психологиялық консультация беруді ұйымдастыру арқылы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді;
білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің заңды өкілі болады;
тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды;
отбасына реинтеграция (биологиялық отбасымен біріктіру) мақсатында тәрбиеленушілердің жақын туыстарын іздеу бойынша жұмысты ұйымдастырады.;
тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады;
заңнамада белгіленген шектерде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына билік етеді, құрылтайшылардың қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуына жауап береді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
педагогикалық кеңесті басқарады;
белгіленген тәртіппен аттестаттауды және педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) рәсімін жүргізеді;
кәсіби жетістіктері бар педагогтерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін көтермелеуге ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
қоғаммен байланысты жүзеге асырады;
мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
103. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормалар.
104. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі және (немесе) білім беру ұйымдарының басшысы немесе басшының орынбасары лауазымындағы өтілі – кемінде екі жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.;
осы тармақтың 2, 3-азат жолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет