Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының әдіскері



бет32/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
4-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының әдіскері
111. Лауазымдық міндеттері:
ұйымның оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және талдайды;
инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және енгізу бойынша әдістемелік және циклдік комиссиялардың жұмысын үйлестіреді;
инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтайды, жинақтайды және таратуға ықпал етеді, практикаға жаңа тәсілдерді енгізеді;
авторлық бағдарламаларды әзірлеуге жәрдемдеседі;
әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік құралдар жасайды;
оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын, конференцияларды, семинарларды дайындауға және өткізуге қатысады;
әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
112. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" заңдар, нормативтік құқықтық актілер және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогикалық этиканың нормаларын;
педагогика және психология, менеджмент негіздерін;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
113. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет