Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Арнайы білім беру ұйымының оқу пәндерінің педагогтері



бет42/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

5-параграф. Арнайы білім беру ұйымының оқу пәндерінің педагогтері
148. Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (ақыл-есі кем балаларды қоспағанда) оқушылар контингентінің ерекшелігін және оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
ақыл-есі кем балаларды оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына бағдарланбаған арнайы оқу бағдарламалары бойынша іске асырылады;
тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі, оқу процесінде түзету жұмыстарын жүзеге асырады;
оқытудың әртүрлі формаларын, әдістері мен құралдарын қолданады;
оқытылатын пән бойынша жоспарлар жасайды;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес оларды толық көлемде іске асыруға жауапты болады;
семинарларға, конференцияларға, кәсіби қоғамдастықтарға қатысады;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асырады;
жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды;
оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
149. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заңдарын, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" заңдары;
педагогика және психология негіздері, еңбек заңнамасы;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнайы педагогика, арнайы психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
150. Біліктілікке қойылатын талаптар:
бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуға тиіс, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог – зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін-кемінде 5 жыл.
151. Кәсіби құзыреттілігін айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог – модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
оқушылардың дамуындағы ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолдануға;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауға;
білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалануға тиіс;
2) "педагог – сарапшы":
"педагог – модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңу әдістері мен әдістерін қолдануға;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге;
инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеуге және енгізуге;
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалануға;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындауға, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог – сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
арнайы білім берудің соңғы жетістіктерін пайдалануға;
қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге;
оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін әзірлеуге;
оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуге, өз пәні бойынша эксперименттік тапсырмалар құрастыруға;
арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға басшылық етуге;
арнайы білім беру мәселелері бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы;
білім беру ұйымдарында білім беру және дамыту процесін бағалау және мониторингілеу құралдарын әзірлеуге;
тәлімгерлікті жүзеге асыруға;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде озық педагогикалық тәжірибені жинақтауға;
психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуға тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
арнайы білім берудің жаңа жетістіктерін енгізуге;
авторлық бағдарламаның болуы немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, басып шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуға;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуға қатысуға;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіптік конкурстардың қатысушысы болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет