10-параграф. Аға тренер-оқытушы 186. Лауазымдық міндеттері:
білім алушылардың спорттық және дене шынықтыру үйірмелерін ұйымдастырады;
дене тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, оқу жылына арналған спорттық іс-шаралардың жұмыс жоспарын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
әртүрлі спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың жұмыс үйірмелеріне басшылық етеді, оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің теориялық, физикалық, моральдық, техникалық және спорттық даярлығын арттыруды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жоспарланған жаттығу жүктемелері мен спорттық нәтижелерді орындауын қамтамасыз етеді;
оқу-жаттығу процесін және спорттық іс-шараларды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етеді;
тәрбие жұмысын жүргізеді;
дәрігерлік-педагогикалық бақылаулардың антропометриялық өлшеулері негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бақылау жаттығулары мен медицина қызметкерлерінің нұсқауларын орындауын бақылайды;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша бақылау нормативтерін қабылдайды;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жарыстарға қатысуын ұйымдастырады, спорттық жетілдіру үшін білім алушылар мен тәрбиеленушілерді іріктеуді жүзеге асырады;
бекітілген дайындық жоспарларының орындалуын, бөлімшенің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің сөз сөйлеу қорытындыларын талдайды, алынған деректерді ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындығына түзетулер енгізеді;
спорт түрлері бойынша бөлімшелерде жаттықтырушылық кеңестер өткізеді;
біліктілігін жүйелі түрде арттырып отырады, әдістемелік оқуларға, конференцияларға, семинарларға қатысады;
белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, жаттықтырушы-оқытушыларды көтермелеу туралы ұсыныстар енгізеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерді даярлауға қатысатын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
187. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", Қазақстан Республикасының "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика және психология негіздерін;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; арнайы педагогика, психологияны;
бейімді дене шынықтыруды;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын.
188. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл – бейіні бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл-бейіні бойынша мүмкіндігінше ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы.
189. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне сәйкес келетін жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлеуі тиіс;
белсенді оқытудың нысандары мен әдістерін қолдануға;
білім алушылармен және тәрбиеленушілермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыруға;
оқу-тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуге;
шығармашылық топтардың, мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына белсенді қатысуға тиіс;
2) "педагог-сарапшы:
"педагог-модератор" біліктілігіне сәйкес келетін жалпы талаптарға жауап береді, сондай-ақ:
пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлеуі тиіс;
шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік етуге;
өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені қолдануға;
жаңа білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды енгізу бойынша жұмысқа белсенді қатысуға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне сәйкес келетін жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту, тәрбиелеу әдістерін әзірлеуге және оларды сынақтан өткізу жөнінде жұмыс жүргізуге тиіс;
өз жоспарына сәйкес эксперименттік тапсырмаларды қалыптастыруға;
оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық әзірлемелері болуы;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.