Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушы



бет53/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

11-параграф. Дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушы
190. Лауазымдық міндеттері:
дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы дене тәрбиесінің бағдарламасы мен әдістемесіне сәйкес білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту бойынша жұмыс жүргізеді;
балалардың жасын, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, міндеттері мен мазмұнын анықтайды;
білім алушыларды, тәрбиеленушілерді дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын меңгеруге оқытады, олардың адамгершілік-ерік қасиеттерін қалыптастырады;
дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді;
санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалап отырады;
медицина қызметкерлерімен бірге балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемелерін реттейді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауап береді;
салауатты өмір салтын насихаттайды;
тәрбиешілермен, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс істейді;
белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
жүзу нұсқаушысы бағдарламаға сәйкес бассейнде сабақ өткізеді;
судағы балалардың қауіпсіздігіне жауап береді;
медбикемен бірге бассейннің гигиеналық жағдайын бақылайды;
санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізеді;
белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді.
191. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру, дене шынықтыру және спорт, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика, психология негіздерін;
жас ерекшелік физиологиясын, анатомия, мектеп гигиенасын;
дене тәрбиесін, әртүрлі жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін;
судағы тәртіп ережелерін;
тәрбие жұмысының әдістемесін;
дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын;
бағдарламалар мен оқулықтар, оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды;
педагогикалық этиканың нормаларын;
еңбек заңнамасының негіздерін, өртке қарсы қорғау ережелері, санитариялық ережелер мен нормаларды.
192. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары білім немесе тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл; педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 6 жыл.
193. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балалардың дене тәрбиесінің және олардың денсаулығын нығайтудың ең озық нысандары мен әдістерін қолдануға;
білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуге тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуге;
балалармен жеке жұмыс жүргізуге;
балалардың дене тәрбиесі және балалармен спорттық жарыстар өткізу бойынша өз әдістемелерін әзірлеуге;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәжірибелік жұмыс дағдыларын қолдануға;
балалармен сабақ өткізудің жаңа бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеуге тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәжірибелік жұмыс дағдыларын қолдануға;
балалармен сабақ өткізудің жаңа бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеуге;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет