Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының (ҚБ ОӘО) әдіскері



бет55/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   91
13-параграф. Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының (ҚБ ОӘО) әдіскері
198. Лауазымдық міндеттері:
талдамалық қызмет: қызмет бағыттары бойынша балаларға қосымша білім беру жүйесін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етудің жай-күйін зерделейді және талдайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
балаларға қосымша білім беру ұйымдарының кадрлық құрамы және әдістемелік корпусының шығармашылық әлеуеті туралы деректер базасын құрады және талдайды;
балаларға қосымша білім беру жүйесінде іске асырылатын бекітілген бағдарламалық-әдістемелік өнім банкін, педагогикалық ақпарат банкін (нормативтік құқықтық, ғылыми-әдістемелік, әдістемелік)жүйелейді және қалыптастырады;
оқу - әдістемелік қызмет: инновациялық педагогикалық технологияларды анықтайды және насихаттайды;
педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын, әдістемелік ұсынымдарын, оқу-әдістемелік құралдары мен ақпараттық материалдарын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмысының нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
ұйымдар мен педагогтердің үздік тәжірибесін жинақтайды және практикаға енгізеді;
бағдарламалардың әртүрлі типтерін (білім беру, бос уақытты өткізу, эксперименттік жұмыс бағдарламалары) және әдістемелік өнімнің әртүрлі түрлерін (әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, құралдардың) әзірлеу технологияларын жасайды;
әдістемелік қосымшалар жиынтықтары бар әртүрлі типтегі және түрдегі оқу-әдістемелік өнімді әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды;
балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімді шығаруға дайындықты жүзеге асырады;
педагогтердің және олардың қызметінің тиісті бағыттарының бейіні бойынша мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, Оқу құралдары мен әдістемелік материалдарға тапсырыс берудің перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
қосымша білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысады;
балаларға қосымша білім беру саласындағы озық оқыту және тәрбиелеу технологиялары, озық отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
конкурстарды, көрмелерді, олимпиадаларды, слеттерді, жарыстарды өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді, есептілікті дайындайды;
консалтингтік қызметті ұйымдастырады: педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді;
педагогтарға балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға, ұйымдардың білім беру қызметін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
қосымша (бейресми) білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені жинақтайды және таратады;
педагогикалық жетістіктерді насихаттайды (шеберлік сыныптарын, педагогикалық шеберханаларды, шығармашылық семинарларды ұйымдастыру арқылы);
балаларға қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
199. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын, балаларға қосымша білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі нормативтік құжаттарды;
педагогикалық этиканың нормаларын;
дидактика принциптерін;
педагогика және жас психологиясы негіздерін;
білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету принциптері немесе қызмет бағыттарын;
білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру жүйесін;
оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін;
педагогикалық жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін анықтау, жалпылау және тарату әдістемесін;
әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру принциптері мен мазмұнын;
әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу негіздерін;
оқытудың аудиовизуалды интерактивті құралдарына қойылатын талаптарды;
оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, қақтығыс жағдайларының себептерін диагностикалауды, олардың алдын алу және шешуді;
экология, экономика, әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактормен, электрондық кестелермен, электрондық пошталармен және браузерлермен, мультимедиялық жабдықтармен жұмыс істеуді;
еңбек заңнамасының негіздерін, білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрттен қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
200. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі немесе тиісті бейін бойынша кемінде 2 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл, педагог-шебер үшін – 6 жыл.
201. Кәсіби құзыреттіліктерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
балаларға қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік корпусының кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;
бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу;
диагностика жүргізу;
педагогтерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;
ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;
ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау;
аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, оқу құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу;
әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;
педагогтерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауға көмек көрсету;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені тарату;
облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру;
қосымша білім беру саласында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнім әзірлеу;
облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,
қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу;
қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет