6-параграф. Білім беру ұйымы кабинетінің (бөлімінің) меңгерушісі, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі 170. Лауазымдық міндеттері:
жаппай ойындар, ұжымдық және ойын қарым-қатынастарын өткізеді;
білім беру ұйымдарында қойылымдарды ұйымдастырады, ойын-сауық кештерін және басқа да бос уақытты өткізеді;
сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды, балалардың ұжымдық бос уақытының ойын нысандарын әзірлеуге және құрастыруға қатысады;
өткізілетін іс-шараларды көркем безендіруге, музыкалық сүйемелдеуге қатысады;
дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдайды;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
кәсіби біліктілігін арттырады;
ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;
әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың, педагогикалық қоғамдастықтардың қызметіне қатысады.
171. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика, психология негіздерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
білім беру және мәдени-ағарту жұмыстары мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың басшылық құжаттарын;
тарих және өнер теориясының негіздерін;
ойындар мен ойын-сауықтардың пайда болуы мен тарихын, олардың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық функцияларын;
аудиторияны белсендіру, адамдарды ұжымдық ойын қарым-қатынасына тарту әдістерін;
бұқаралық ойын-сауық іс-шараларының драмалық құрылысын;
ойын-сауық негіздері, балалар санатына арналған ойын репертуарын;
мәдени ұйымдастырушылардың инновациялық жұмыс тәжірибесін;
экономика негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормаларды.
172. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе техникалық және кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі-5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл.
173. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балалармен мәдени-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру формаларын, тәрбие жұмыстарын талдау әдістемелерін қолдануға ;
тәрбие үрдісінде оң нәтижелерді қамтамасыз етуге;
әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістемелерін, балалармен мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру формаларын пайдалануға;
балалар мен жасөспірімдерге сараланған көзқарасты ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;
жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолдануға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге;
білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға басшылық етуге;
өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдануға тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге;
шығармашылық топтарды басқаруға;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.