Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет51/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

9-параграф. Тренер-оқытушы
182. Лауазымдық міндеттері:
дене шынықтыру бойынша жаттықтырушы-оқытушы дене тәрбиесінің бағдарламасы мен әдістемесіне сәйкес тәрбиеленушілерді оқыту бойынша жұмыс жүргізеді;
балалардың жасын, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, міндеттері мен мазмұнын анықтайды;
тәрбиеленушілерді дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын пайдалануға үйретеді, олардың адамгершілік-ерік қасиеттерін қалыптастырады;
дене шынықтыру сабақтарын және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде білім алушы тәрбиеленушілердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді;
санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалап отырады;
медицина қызметкерлерімен бірге балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемелерін реттейді;
білім алушылардың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне жауап береді;
салауатты өмір салтын насихаттайды;
тәрбиеленушілердің ата-аналарымен және тәрбиешілерімен тығыз байланыста жұмыс істейді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларына нұсқама береді;
белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді.
183. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", Қазақстан Республикасының "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика және психология негіздерін;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын.
184. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 5 жыл, педагог-шебер үшін-6 жыл.
185. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс;
үлгілік оқу бағдарламасының, үлгілік оқу жоспарының мазмұны мен құрылымын білуге;
белсенді оқытудың нысандары мен әдістерін қолдануға;
балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыруға;
білім беру ұйымы деңгейінде іс-шаралар ұйымдастыруға тиіс;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
пәнді оқытудың әзірленген әдістемесін қолдануға;
белсенді оқытудың нысандары мен әдістерін қолдануға;
білім алушылармен, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыруға;
білім беру ұйымының шығармашылық топтарының, әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына белсенді қатысуға тиіс;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлеуге;
қала/аудан деңгейінде шығармашылық топтардың жұмысына, шығармашылық семинарларға басшылық жасауға;
өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені қолдануға;
жаңа білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды енгізу бойынша жұмысқа белсенді қатысуға тиіс;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту, тәрбиелеу әдістерін әзірлеуге және оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге;
өз жоспарына сәйкес эксперименттік тапсырмаларды қалыптастыруға;
оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық әзірлемелері болуы;
тәлімгерлікті жүзеге асыруға;
білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға басшылық етуге тиіс;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлауға;
республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет