Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-тарау. Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары



бет69/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

10-тарау. Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары
1-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының (директорының) ғылыми немесе оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
247. Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысына басшылық етеді;
білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды;
жобаларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды және үйлестіреді, ғылыми және практикалық кеңестер мен конференцияларды ұйымдастырады, жобалардың орындалуын қамтамасыз ететін іс - шараларды жүзеге асырады;
әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, пәндік (циклдік) әдістемелік комиссиялардың, білім беру ұйымдарының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы бойынша есеп беру құжаттамасын дайындау жөніндегі кафедралардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарын (қызмет бағыттары бойынша), білім беру ұйымының ішкі бақылау жоспарын әзірлейді;
педагогикалық кеңестің жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарын (қызмет бағыттары бойынша), білім беру ұйымының ішкі бақылау жоспарын әзірлейді;
білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
педагогтарге авторлық бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер (құралдар) әзірлеуге жәрдемдеседі, облыстық (қалалық) білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттерімен, баспалармен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс бойынша жинақтар, ұсынымдар және басқа да жарияланымдар дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
оқу және тәрбие процестерін жетілдіруді, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мен енгізуді қамтамасыз етеді, педагогтердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
білім беру бағдарламаларын, оның ішінде оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге жәрдемдеседі;
оқу-әдістемелік базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды қамтамасыз етеді;
тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды ұйымдастырады, оларды басшыға ұсынады;
педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагогтерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;
ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйін ұйымдастырады және талдайды, эксперименттік жұмыстың нәтижелерін қорытындылайды. оқытудың инновациялық технологияларын зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;
оқу кабинеттерін, зертханаларды, шеберханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, кітапханаларды ғылыми, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен толықтыру бойынша жұмысқа жәрдем көрсетеді;
білім алушылардың ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестерін, семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, ғылыми қоғамдарын өткізуді ұйымдастырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
ғылыми және оқу-әдістемелік қызмет нәтижелері туралы есеп береді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
248. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы"заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика және психология негіздері, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика негіздері, құқық, қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
249. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
немесе білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет