«Педагог мәртебесі туралы» заң 1-бап. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұҒымдар


-БАП. ПЕДАГОГТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ ҚҰҚЫҒЫ



бет3/8
Дата27.11.2023
өлшемі30,76 Kb.
#129887
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
педагог мәртебесі

8-БАП. ПЕДАГОГТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ ҚҰҚЫҒЫ

  1. Мемлекеттік ұйымдарда кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар жəне ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен айқындалады. Жекеменшік білім беру ұйымдарында кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеуді олардың құрылтайшылары немесе соған уəкілеттік берілген адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес айқындайды.

  2. Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын білім беру саласындағы уəкілетті орган еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді.

  3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі: 1) 16 сағат – орта білім беру ұйымдары үшін; 2) 18 сағат: техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін; білім алушылар мен тəрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін; мамандандырылған жəне арнаулы білім беру ұйымдары үшін; 3) 24 сағат: мектепке дейінгі ұйымдар, мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мектепалды топтары, білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін; балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін; 4) 30 сағат – интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тəрбиешілері үшін; 5) 25 сағат – арнайы білім беру ұйымда рының жəне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тəрбиешілері үшін белгіленеді.

  4. Мемлекеттік ұйымдардың педагогіне негізгі жұмыс орны бойынша: философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дəрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде; ғылым кандидаты ғылыми дəрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дəрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

  5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымында кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дəрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

  6. Жергілікті атқарушы органдар педагогтерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет