МIНЕЗДЕМЕ / ХАРАКЕРИСТИКА
Практикант
Оразалина Ақмарал Бауыржанқызы
Педагог-предметник
Шегір Саягүл Жұмаділқызы
Павлодар қаласының Әлкей Марғұлан атындағы Педагогикалық Университетінің ПИП-31-ші
курс студенті
Оразалина Ақмарал Бауыржанқызына мінездеме
Оразалина Ақмарал Бауыржанқызы – Павлодар қаласының Мәшһүр Жүсіп атындағы
жалпы орта білім беру мектебінде 04.09-13.10 аралығында педагогикалық практикасынан өтті.
Педагогикалық практикадан өту кезінде Ақмарал Бауыржанқызы өзін жақсы қырынан көрсете
білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен тез тіл табысып, оларды өзінің
мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен
бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген
жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді.
Ақмарал Бауыржанқызы тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп
ізденіспен келеді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы,
оқушылармен тез тіл табыса алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына
беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Әрбір айтылған сынды дұрыс
қабылдап, айтылған кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Оқушылармен тренинг жүргізуі,
сергіту жаттығуларды қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Сонымен қатар,
практика өтуге келген студенттердің орындауға міндетті қызметтерін, білім беру мекемесінің
қызмет бағыттарымен, әкімшілігімен және мектеп психологтарымен танысты. Мектеп
психологының қызмет ерешеліктерімен. Мектептегі психологиялық қызмет мақсаттарымен
міндерінмен танысты. Мектеп психологтарымен бірлесе отырып практика өтуге келген
студенттердің жеке жұмыс жоспарын құруға көмектесті. Мектеп психологінің жұмыс
құжаттарымен, білім алушылардың жеке іс парағымен танысты. Студентке бекітілген білім
алушылар ұжымындағы жеке білім алушыны және білім алушылар ұжымымың сабаққа және
сыныптан тыс тәрбие шараларына қатысу кезінде бақылады. Оқушыға және сынып
оқушыларына психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу мақсатында білім алушылармен
және педагогтермен әңгімелесті. Оразалина Ақмарал Бауыржанқызы болашақта білімді де
білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенемін.
100
Шегір Саягүл Жұмаділқызы
Баға / Оценка
ТӘЖ / ФИО