«Педагогические инновации как условие повышения качества образования»


ОЙЛАУ МЕН ҮЙРЕНУДІҢ ЖЕТІЛДІРУ ҮЛГІ САБАҒЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ



жүктеу 4.37 Mb.
Pdf просмотр
бет4/44
Дата21.01.2017
өлшемі4.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

ОЙЛАУ МЕН ҮЙРЕНУДІҢ ЖЕТІЛДІРУ ҮЛГІ САБАҒЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 
 
Кілт сөздер: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, мотивация жаңа ақпарат.  
«Ойлау  мен  үйренудің  жетілдіру  үлгі  сабағаның  бағдарламасы»  атты  мақаланың  мазмұны  тақырыбына  сай.  
Алынған материалдарға сүйене отырып,  мазмұнына сараптама жасалып,  маңыздылығы көрсетілген.   
 
Оқушылар  шындыққа  негізделген  білім  алуды  практикалық  қолданыс  пен  концепцияға 
негізделген  практикалық  білімді  үйренуге  қарсы  қойып,  оның  маңыздылығы  туралы  ұзақ  пікір 
таластырды.  Шындыққа  негізделген  білім  алуды  (үйрену)  жақтайтындар  негізінен  қоғамдағы 
көптеген  нақты  материалдардың  бар  екеніне  және  олардың  оқушылары  өз  әлеуметтік  ортасына 
дұрыс  қызмет  атқаруға  дайындайтындығына  сенеді.  Ал,  енді  практикалық  қолданыс  пен 
конпекцияға  негізделген  практикалық  білімді  үйренуді  жақтайтындар  сын  тұрғысының  қарап,    тек 
жалаң білім алу жеткіліксіз екендігін айтады. Олардың ұсынысы ойынша білім сапалы болады, егер 
ол  пайдалы  болса  және  ол  пайдалы  бола  алады,  егер  конпекция  тұрғысының  түсінікті  болса  және 
өзінің  қолданысын  шығармашылықпен  және  сын  тұрғысынан  таба  алса.  Ешкім  де  шындыққа 
негізделген білімнің пайдалығына күмән келтіре алмайды. Көп адамдар күнделікті сауданы табысты 
жүргізетіндерін білуге тиісті.  
Алайда, оқушылардың кейбір алатын білімдері оларды өмірге дайындамайды және қоғамдағы 
өзгерістер  түбегейлі  және  жиі  болып  тұратындықтан,  ол  білімдер  оқушыларға  қажетсіз  болып 
қалады.  

23 
 
Бұл даналықтың жиынтығын сүреттеу қиындығын мына дәлелден байқауға болады! Біз алған 
100%  білімнің  10-нан  15%-ке  дейінгісі  ғана  25  жыл  бойында  қолданысын  таба  алады.  Әр  қарай 
оқушылар үйренген білімді әрбір адам тез арада жетік біліп алатын дәрежеге жетеді.  
Оқушылар  ақпараттарды  дұрыс  мағыналы  түрде  меңгеру  үшін,  олар  ақпараттарды  мағыналы 
да,  әсерлі  түрде  қолдана  алу  үшін  сын  тұрғысынан  қарап,  оны  сұраптай  ала  білуге  тиіс.  Қысқасы, 
олар  білімді  алу  барысында,  ақпараттар  ағындарына  сын  тұрғысынан  қарап  үйренулеріне  тура 
келеді. Алайда,  оқушылар бірденнен әр нәрсені сын тұрғысынан қарай бермейді.  
Бұл  процесс  оларды  мектеп  қабырғасынан  бастап  ақпараттарды  тек  түсінуге  ғана  үйретпей, 
сонымен  қатар,  кейінірек  те  сын  көзімен  қарауға  жіне  өз  сынының  көрінісін  көруге  бағыттайтын 
бағдарлама болуға тиіс. Бұл процесс дәл осындай айтылған нәтиже білу үшін,  сабақта оқушы мен 
үйренуді  жетілдіру  мақсатымен  жүйелі  түрде  өз  бетімен  жасайтын  бағдарламаны  лайықты  етіп 
жасап  беруі  керек.  Ол  бағдарлама  соншалықты  жүйелі  және  біз  ізділікті  жасалынуы  керек  онда 
оқушылар түсінігі үшін ешқандай қиыншылықтар болмауы қажет.  
Бұл құрал оқыту мен үйренудің (оқудың) бағдарламасын суреттейді. Бұл бағдарлама бойынша 
оқығанда  оқушы  өзінің  байырған  білімін  жаңа  мазмұндағы  алған  біліммен  ұштастырған,    оның 
әсерлі,  жаңалықты  оқытудың  түрі  екендігін  және  олардың  ойлауын  қалай  өзгертетіндігін  түсінуге 
мүмкіндік алады. Бұл берілген үлгі (модель) біршама Ваугх пен Естестің үлгеріміне негізделген және 
оны әрі қарай Мередит пен Стиль өзгертіп кеңейткен.   
Бағдарламаны  қолдану.  Бұл  бағдарламаны  таныстырғанда  бірнешеден,  бағдарламаға 
қатысушыларға қысқаша не үйретілінетінің,  қандай тәжірибе жасайтындарын және олардан не талап 
етілетінін айту қажет. Бағдарламаға қатысушыларға оқуға тапсырма беріледі және жеке немесе топта 
әр түрлі тапсырмалар жасайды. Олар қысқа әңгімелерін де оқиды. Осы бағдарлама бойынша олар екі 
түрлі  деңгейден  өтеді.  Бірінші  деңгейде  олар  мазмұнға  мән  беріп  үйренулері  керек  (үйрене  отыра 
осы процестің ішкі мәніне ене білулеру қажет). Ал, келесі деңгейде бағдарламаның нұсқау бойынша 
үйрену,  (оқу)  процесі  қалай  өтіп  жатқанын  зерде  қойып  байқап,    нұсқауға  лайық  өзі  қалай  жұмыс 
жасап жатқанына мән беру керек. 
Сабақты жоспарлау:  
І. Сабақтың алдында:  
1. Сабақтың маңыздылығы неде? 
- оқушылар не алады? 
- бұрынғы бар білімін қалай пайдаланады? 
- өмірден алған тәжірибесінің әсері? 
- сабақтың болашақтағы балаға қандай пайдасы болуы мүмкін? 
2. Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер? 
- ойлауға қандай мүмкіндік жасалды? 
- өздігінен ізденуге қандай мүмкіндік жасалды? 
- білімін ақпаратты жүйелеуге қалай үйретемін? 
3. Сабақтың мақсаты неде? 
- оқушыға нені білдіру қажет? 
- алған білімі оның дамуына қандай пайда берді? 
- өмірде адамдармен қарыс-қатынаста қолдана ала ма? 
4. Алдын-ала баға беру? (күтілетін нәтижелер) 
- оқушыға алған білімнің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады? 
- білмегенің қалай жеткіземін? 
- мүмкіндіктер мен уақытта жеткізе аламын ба? 
- басқа амалдар? 
5. Қолданылатын әдістер? 
- қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі? Өз қалаулары? Өзара үйрету топтары?) 
6. Қажетті құралдар? 
-  оқулықтар,  ватмандар,  текстер,  справкалар,  памяткалар.    PS  RWST  мұғалім  сабақтан  бұрын  өз 
жоспарын мынандай мақсатпен шолып өтсе жақсы болады.   
1. Белсенділік 
2. Сыни тұрғыдан ойлау процестеру арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.   
ІІ. Сабақты кезіңде (процесс): 
1. Қызығушылықты ояту (мотивация) 
- оқушыларды ой қозғау арқылы сол тақырыпқа әкелу 
- осы тақырып туралы бұрынғы білетундіктерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу 

24 
 
- әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту 
- алатын білімін пайдалылығына көздерін жеткізу 
2. Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат) 
- жаңа мазмұнды ашу жолдары 
- оқушыларды белсене қатыстыру жолдары 
- стратегиялардын жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру  
(мыс:сауал қоя білу, талдау жасай білу,  баяндау және қызу ой тақыларын жасай білу,  
қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру) 
- оқушықтың басқа ақпараттық көзін ашу 
- толғаныс (рефлекс) 
- сабақты үйренгендерін бекіту 
- қолдану жолдарын беру 
- жаңадан үйренгенін пайдалана отырып,  білімін жүйелеу 
- жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру.  
- жаға білімнің маңыздылығына көз жеткізу 
- сабақты қалай аяқтауды жоспарлау. 
3. Бағалау (түрлері) 
- оқушының өзін-өзі бағалау 
- топтың өзін-өзі бағалау 
- мұғалімнің бағалауы 
- жалпы бағалауы 
- критериелер арқылы бағалау. 
4. Сабақты аяқтау түрлері 
-бір пікірге келу 
- өз пікірін дәлелдеу 
- үйден жалғастыру. 
 
 
Б.М. Қалықова 
 
БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ИНТЕЛЛЕКТ КАРТАНЫ 
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
 
Кілт сөздер: Интеллект карта,  педагогикалық технология,  педагогикалық жаңашылдық,  әдістемелік потенциал. 
 
Қазіргі  өмір  талабы  -  заман  ағымына сай,   келер  ұрпақтың  білім  сапасын  жетілдіріп,  ой-өрісі 
кең, алғыр,  интеллектуалды дамыған адамды тәрбиелеу.  
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауында: «Біздің мақсат - жаңа технологияларды, жаңа 
идеялар  мен  көзқарастарды  пайдалана  отырып, білім  мен  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу»,  деп 
бекер айтпаған [1, 56].  
Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқытуда, баланың белсенділігін арттыру, ой-өрсінің 
өсуіне  ықпал  ету,  кез-келген  жағдайда  өз  бетінше  шешім  қабыддай  алатын  ұрпақ  тәрбиелеуде 
оқытушылардың қосар үлестері аз емес. Педагогикалық жаңашылдық - оны енгізу, жүзеге асыру - әр 
педагогтың  іскерлігіне,  шеберлігіне,  ізденісіне  байланысты  жүзеге  асатын  нәрсе.  Сондықтан  да, 
педагог ретінде менің айтарым; педагогикалық технологияларға өзгерістер енгізіп, ғылыми жобалар 
жасап,  осындай  педагогикалық  оқуларға  көптеп  қатысып  тәжірибе  алмасып  отырудың  әр  педагог 
үшін оның ғылыми шыңдалуына тигізер пайдасы зор деп білемін.  
Балаға оқытылатын материалды тек қана сипаттап, ауызша айтып жеткізіп қана қоймай, оның 
сол  пәнге  деген  қызығушылығын  ояту,  оның  құлшынысын  күшейтіп,  сол  пәнді  терең  меңгеруіне 
әсер етеді. Білімнің сапалы болуы тікелей оқытушыға, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне 
байланысты.  Педагогикалық  технология  ақпаратты  іздеу,  сақтау,  беру  әдістері  мен  құралдарына 
байланысты  десек,  онда  осы  педагогикалық  технологияны  белгілі  мақсатта  тиімді  пайдалану  үшін 
материалды  түрлендіру  процеестері  мен  әдістерінің  жиынтығын  кешенді  бірлігін  айтамыз.  Осы 
кешенді пайдалана отырып студенттің білімін жетілдіру қажет.  
Қазіргі  кезде  елімізде  білім  беруде  жаңа  жүйе  жасалып,  әлемдік  білім  беру  жүйесіне  енуге 
қадам  басып  отырмыз.  Оқу  үрдісінде  жаңа  педагогикалық  технология  түрлері  енгізіліп,  жаңаша 
көзқарастар  пайда  болуда.  Яғни,  В.  Беспальков  айтқандай:  "педагогикалық  технология  дегеніміз  - 

25 
 
тәжірибеде  жүзеге  асырылатын  белгілі  бір  педагогикалық  жүйенің  жобасы,  ал  педагогикалық 
жағдайларға сай қолданатын әдіс-тәсілдерімізді түбегейлі өзгертуіміз керек"[2, 89].  
Әрине,  қазіргі  уақытта  қолданылатын  технологияның  түрлері  өте  көп.  "Модульдік  оқыту", 
"Диалогтік  оқыту",  "Сын  тұрғысынан  оқыту",  "Дамыта  оқыту  технологиясы"  т.  б.  өте  көп. 
"Модульдік оқыту технологиясында" жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздеу, оқытушыға сол 
студенттің  жеткен  нәтижесін  талдап,  түсіндіріп,  беру  жүйесі  тән  болса,  ал  "Дамыта  оқыту 
технологиясында" баланың білім дәрежесіне қарай талдап, оны әрі қарай дамыту технологиясы тән. 
"Ойын арқылы оқыту" әдісі бастауыш мектептерде оқытылса, ал колледждерде "Модульдік оқыту" 
әдісі  көптеп  қолданылып  келгені  белгілі.  Оқытушы  жаңа  материалды  өте қызықты,  тартымды етіп 
өткізу үшін интерактивті тақтамен қатар, қосымша материалдарды да пайдалана білуі қажет.  
"Барлық  жаңашылдық,  бұрынғы  ұмыт  болған  ескі  нәрселер  демекші",  мен  өз  педагогикалық 
тәжірибемде тарих пәнінен "maind map" "интеллект карта" әдісін пайдалану арқылы оқытып жүрмін.  
Интеллект  карта  (түп  нұсқада  Mindmaps)-  белгілі  жазушы,  лектор  және  психологияны  оқыту 
мен ойлану мәселелерінің кеңесшісі Тони Бьюзеннің құрастырған жобасы.  
Интеллект  карта,  немесе  ойлану  картасы  (mind-maps)  –  бұл  ойларыңды  қағазға  түсірудің, 
творчестволық тапсырмаларды шешудің, еске түсірудің, есте сақтаудың сонымен қатар, жинақталған 
өзіңнің  ішкі  хабарларыңды  жетілдіріп,  оны  сыртқа  шығарудың  және  оған  өзгерістер  енгізіп, 
жетілдірудің  ең  тиімді  жолы.  Бұл  сөз  кейбір  орысша  аудармаларда  «ақыл  картасы»  (карты  ума), 
«сана  картасы»  (карта  ума),  «интеллект  карта»,  «есте  сақтау  картасы»  (карта  памяти),  «ойлану 
картасы»  (карта  мышления)  деп  аударылып  жатады.  Бірақ,  ең  дұрысы  «ойлану  картасы»  (карта 
мышления) деген дұрыс сияқты.  
Біз  әлемдегі  көптеген  хабарларды  визуально,  яғни  көзбен  көргенде  көбірек  есте  сақтаймыз, 
сондықтан  да  бұл  интеллект  карта  адамның  есте  сақтауына    жеңіл  және  онымен  жұмыс  істеу  өте 
жеңіл көрнекі материал болып табылады.  
Интеллект карта не үшін қажет? 
Информациямен жұмыс істеу оңай: есте сақтауға, түсінуге, логикаңды қалпына келтіруге; 
Материалға презентация жасауға және білімгердің өз позициясын дұрыс түсіндіруге жеңіл; 
Жеңіл щешім қабылдауға,  жоспар жасап үйренуге, жоба жасай білуге.  
Интеллект - картаны жасау үшін берілетін кеңестер:  
Интеллект  картада  элементтердің  5-7  ден  көп  болмағаны  жақсы.  Егер  көп  болып  жатса  оны 
өзара топқа бөліп алған жақсы.  
Интеллект  карта  логикалық  түрде  болу  қажет:  элементтердің  арасындағы  қарым-  қатынастар 
сақталу керек, себебі не үшін, неге жасалып жатқанын естен шығармау қажет.  
Интеллект  картада  көрнекі  суреттердің  көп  болғаны  және  әртүрлі  түстерді,  суреттерді 
символдарды көбірек пайдалану қажет, себебі есте сақтауға жеңіл болады.  
Интеллек картаның симметриялы болғаны жақсы, себебі бір бөлігін есте сақтаған соң, екінші 
бөлігіне ауысуға оңай.  
Ойлану картасының ең негізгі ой (ключевой элемент) ортасында тұруы тиіс. Басқа элементтер 
одан кейін оңнан солға қарай сағат тілімен ары қарай ойысып отыру керек.  
Сонымен, интеллект карта дегеніміз- қажетті хабарлардың адам санасында жинақталып,  оның 
сыртқа графикалық түрде бейнеленіп көрсетілуі.  
Интеллект  карта  бұл  адам  миының  жоғары  потенциалын  сыртқа  шығаруға  әсер  ететін  күшті 
құрал. Оны тұлғаның интеллектуалды мүмкіндіктерін ашу үшін кез-келген жерде қолдануға болады.  
Интеллект картаның ерекшеліктері: 
Объект,    немесе  біз  зертейтін  мәселе  ең  негізгі  мәселе  ортада  тұру  қажет.  Содан  кейін,  одан 
әртүрлі бұтақтар шыға бастайды; 
Ортаңғы  ойдан енді негізгі ойлар сызықтар шығады; 
Сызықтардың өзі сөздермен образдармен жазылады; 
Ортаңғы образ сызықтармен бірге байланысып белгілі бір ойды құрайды.  
Интеллект  карта  әдісі  –  сізді  өз  ментальды  потенциалыңызды  шығару  мен  оны  көрсетуге 
үйретеді  және  оны  күнделікті  өмірде  де  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Адам  миының 
мүмкіндіктерімен қаруланып алып,  сіз шексіз потенциалды әлемге саяхат жасай аласыз.   
Ең  бастысы  ортасынан  бастаңыз,  себебі  ең  негізгі  ой  ортада  тұрады.  Содан  кейін  оны 
толықтыратын  жаңа  ойларыңыз  сосын  келе  бастайды.  Екінші  оңнан  солға  қарай  жүріңіз,  бұл 
дееніміз сізді ойыңыздың жинақы болуына көмектеседі.  Одан кейінгі маңыздысы- әртүрлі түстерді 
қолданыңыз, себебі бұл сіздің интеллект картаңызды қызықты етіп, одан әрі жандандыра түседі.  
Интеллект картаның пайдасы мен тиімділігі:   

26 
 
Уақытты  басқара білу, үнемдеу.  
Адам миы демалады, аз энергия бөлініп, көбірек демалады.   
Табыстылығы: уақытты аз жұмсап,  оны көбірек ақша табуға жұмсайды.  
Стресс аз болады.  
Интеллект  картаны  пайдалану  оқытушының  әдістемелік  потенциалын  дамытып,  оның  сабақ 
үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Әр студентті жекелей бақылап бағалауға,  графикалық бейнелер жасау 
мен суреттер салу олардың есте сақтау қабілеттерін арттырады.  
Оқытудың  тиімділігі  оқытудың  жеке  тұлғаның  инттеллектуалды  дамуына,  стиліне,  оқу 
материалын  тиімді,  әрі  қысқа  да  нұсқа  сипаттайтындай  қабылдау  механизміне  тәуелді  болады. 
Осыған байланысты оқу іс - әрекетін, оқытушының әрбір студенттің творчестволық ізденісін жеке-
жеке  бағалауға  және  әр  сабақ  барысында  барлық  студенттің  еңбегіне  баға  қоюға,  яғни,  уақытты 
үнемдеуге  үйретеді.  Осылайша  интеллект  картаны  пайдалану  баланың  ой-өрісінің  дамуына,  ой  - 
қиялын еркін жүзеге асыруға көмектеседі.  
1. Эксперимент жасаңыздар! Өз тәжірибемде мен де көптеген интеллект карталарды көрдім. Әр 
білімгердің  картасы  әртүрлі  болып  келеді.  Себебі,  әр  адамның  қайталанбас  өзіндік  стилі  болады. 
Әркімнің ойлау қабілеті әртүрлі, сондықтан да ойлау картасы да әртүрлі,  ерекшеліктерге толы. Бұл 
дегеніміз  -  әр  білімгердің  өзіндік  қолтаңбасын  танып,  ізденіп,  хабарларды  өз  ойларымен  кеңінен 
тарқатып,  тауып,  тұлға  ретінде  интеллектуалды  дамып,  өмірде  өз  орнын  табуға  көмектеседі  деп 
ойлаймын.  
2.  Интеллект  картаны  жасау  үшін  міндетті  түрде  негізгі  идея  болу  қажет.  Содан  кейін  барып 
қана одан әртүрлі қосымша идеялар дамиды. Негізгі идея сол сіздің барлық идеяңызды қамтып,  ал 
қосымша  идеялар  сол  негізгі  идеямен  байланысты  және  негізгі  идеяның  мәнін,    мағынасын  ашуға 
ұмтылу қажет. Соған байланысты бар ойыңызды жазып та,  суретке салып та көрсетуге болады. Бұл 
адам миының сол информацияны бірден жүйелеп,  сол туралы толық мәлімет алуға көмектеседі.  
3. Сурет ретінде салған дұрыс болады. Себебі,  көрген нәрсені есте сақтау оңай. Қазақта: «жүз 
рет  естігеннен  бір  рет  көрген  жақсы»  дейді.  Сол  сияқты  көрген  нәрсені  ұмыта  қою  қиын.  Сурет 
салыңыздар сонда бұл картаны оқып отырудың да керегі жоқ,  бір көресіз болды. Бәрі түсінікті, кім 
қаншалықты еңбек еткені, кімнің интеллекті жоғары бірден байқауға болады. Сосын салған суретті 
әдемілеп  бою  керек.  Себебі,  бояудың  да  өзіндік  ерекшеліктері  бар,  себебі  әр  түсті  бояу  әртүрлі 
мағына береді. Бояғанда да сол бояқтың түсіне де мән беруге болады. Мысалы, Қазақ хандығының 
құрылуы мен Кенесары хан және Абылай хан туралы жасалған интеллект картаны көріңіздер:  
 
 
Қазақ 
хандығының 
құрылуы 
        Негізін 
қалаған 
Керей 
(1463-1473) 
Жәнібек 
(1473-
1480) 
Орыс ханның 
немересі Болат 
ханның ұлы 
 
Орыс ханның 
шөбересі Барақ 
ханның ұлы 
 
себептері 
Әбілхайыр 
хандығынан 
бөлінуі 
 
Есенбұғаның 
өз 
шекарасынан 
бекітуді 
ойлауы 
Моғолстан 
ханы 
Есенбұғаға 
келуі 
ха
нд
ар
ы
 
Қасым хан 
(1511-1518) 
 
Қазақ жерлерін 
біріктіруші 
Қасым 
ханның 
қасқа жолы 
 
Қоғамдық 
құрылысы 
Хан 
Әскербас
ы 
Уәзір 
Саяси 
құрылысы 
Ресеймен 
дипломатиялық 
қатынастар 
орнату 
Бұқар 
хандығымен 
күресті 
Жұрт
шылы
қ 
 
Елшілі
к  
 
Қыл-
мыс 
 
Мүлік 
 
Билер 
кеңесі 
Тәуке 
хан 
(1680-
1715 
«Жеті жарғы» 
Жер 
дауы 
Үй 
іші 
ұрлы
қ 
Басқа 
ру 
қорғау 
 
кұн 
жесір 
Әскери 
 
 
 

27 
 
 
Абылай 
хан 
қазіргі кезде
шыққан тегі
балалық шағы
1724 жылы 13 
жаста жетім қалды
1726 жылы 15 
жасынан жоңғар 
шапқыншылығына 
қатысты
қызметі
1778 жылы 24 
мамырда Екінші 
Екатерина 
Абылайды тек 
Орта жүз ханы 
етіп бекітті
Әкесі – Орта жүз 
сұлтаны – Уәли 
Атасы – 
Түркістанның 
билеушісі – 
қанішер Абылай 
Төле бидің қойын баққан 
үшін – Сабалақ атанды 
 
Шын есімі: Әбілмансұр  
1729 жылы Аңырай 
шайқасында көзге түседі 
1731 жылы Бөгенбай 
бастаған соғыста аты 
елге тарап, даңқы 
шығады 
1740 жылы Абылай 
сұлтандық дәрежені 
алады 
 
1742-1743 жылы 
Қалдан Серенмен 
келісөз жүргізді 
1753 жылы 
Абылай ірі 
қолды бастап, 
Жоңғарияға 
шабуыл жасады 
1757-1760 
жылдары 
Абылай 
Қытайдың 
билігін 
мойындады 
1771 жылы 
барлық 
қазақтардың 
билеушісі етіп 
сайлады 
Алматы 
қаласындағы Абылай 
хан атындағы 
даңғылы 
Көкшетаудағы 
ескерткіш 
 
 
 
Кенесары 
хан
шыққан тегі
балалық шағы
көтеріліс 
кезінде
қызметі
қазіргі кезде
Кенесары
 
Шыңғыс ханның
 27-
ұрпағы,
 
Абылай 
ханның
 
немересі
.
 
 
1802, Көкшетау өңірі –
 
1847, Қырғызстан, 
Кекілік
-
Сеңгір аңғары
 
мемлекет қайраткері, әскери 
қолбасшы, қазақ халқының 
1837 

 
1847 жылдардағы ұлт
-
азаттық қозғалысының 
көсемі,
Қазақ
 
хандығының
 
соңғы
 
ханы
 (18
41 

 1847)
 
1840 жылғы 
Кенесарының 
Ташкентке жорық 
жасау жайлы 
ойынан бас 
тартуға тура 
келді.
 
1844 жылы 21 шілдедегі 
түнгі шайқаста Кенесары 
қолы Ахмет 
Жантөреұлының әскерін 
тас
-
талқан етті.
 
1845 жылы 
Кенесары ханның 
әскері Мерке 
бекінісін басып 
алды.
 
1841
 
жылы Кенесары 
хан сайланды, оның 
саясатының басты 
мақсаты қазақ
 
хандығын қайта 
қалпына келтіру 
болды
 
Нысанбай ақынның «Кенесары –
 
Наурызбай» дастаны (19 ғ.) 1875 ж. 
сұлтан Жантөриннің тәржімасымен 
«Орыс географиялық қоғамы
 
Орынбор бөлімшесінің 
жазбаларында» орыс тілінде 
жарияланды.
 
 
Астана қаласында 
Кенесары ханға 
ескерткіш қойылған 
және оның есімімен 
аталатын көше бар.
 
1841
 
жылы Кенесары хан 
тағына отырғаннан кейін, 
көтеріліске қатысушылар 
әскери қимылын үдете түсті, 
олар қоқандықтардың елеулі 
күштері 
бекінген
Жүлек

Ақмешіт

Жаңа
қорған

Созақ
 
қамалдарын
 
қоршауға алды.
 
 
 
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай интеллект картаның маңызы оның суретке бір қарағанның 
өзінде көп мағына көруге болады. Енді интеллект картаның жетістіктеріне тоқталатын болсақ: 
Ең маңыздысы:  
негізгі ойды тауып,  бар ойды соған жинақтау; 
барлық мәселе бір бетке жинақталған;  
бірден көзге түседі және тез есте қалады.  

28 
 
Әруақытта адам бойында жаңа идеялар туындап отырады және мәні ұқсас ойларды бір бұтаққа 
немесе бір жерге жинақтау.  
Қажетті материалды толығымен көру.  
Тез қабылдау мен белсенділікті арттырады.  
Ең бастысы уақытты үнемдейсіз:  
Мәселеге керекті сөздерді ғана жазу; 
Мәселеге қажет сөздерді ғана оқу; 
Карта  түріндегі  қысқаша  конспект.  Міне,  осылайша  бүкіл  бір-екі  беттік  материалды  қысқаша 
ғана  бір  бетке  топтап,  бар  мәселені  сол  суреттен  нақты  көруге  болады.  Атақты  қытай  философы 
Конфуций  айтқандай:  "Оқығанымды  ұмытып  қалам,  ал  көрген  нәрсемді  ешқашан  ұмытпаймын" 
дегендей  көрген  нәрсе  әрқашанда  адам  жанында  жақсы  сақталады.  Сондықтан  да  бұл  интеллект 
картаның тарих пәні сабағында берер пайдасы өте зор.  
Қорыта  айтқанда,    қазіргі  білім  саласындағы  дәстүрлі  жүйедегі  ұстаз  қызметі  өзгерді, 
центристік  қағида  бойынша  ұстаз  басты  тұлға  болып  келсе,  енді  басты  тұлға  шәкіртке  айналды. 
Сондықтан да шәкірт өздігінен үйренуі керек. Шәкірт енді бұрынғы (пассив) енжар күйден белсенді 
күйге көшетін  кез  келді. Мұндай  мәселені  шешуде  де  интеллект  картаның  маңызы  ерекше.  Себебі 
мұнда шәкірт өздігінен өз бетінше жұмыс істей алады, ұстаз тек жол сілтеуші, бағыт-бағдар беруші 
рольді атқарады. "Ізденген жетер мұратқа демекші", қандай жағдай болмасын ұстаздың шәкірт үшін 
орны ерекше, олардың осынау қиындығы мен қарбаласы көп өмірде адам болып өз орнын тауып, бір 
кірпіш болып қаланып кетулері біздің берген білімізге, тәлім - тәрбиемізге де байланысты.  
Жас  ұрпаққа  білім  беруде  жаңа  технологияны  оқу  үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін 
арттырудың маңызы зор.  
"Ешбір  адамға  білім  алу  мен  жетілу  жай  беріле  салмайды  немесе  тек  айтумен  ғана  іске 
аспайды.  Оған  қол жеткізуге  тырысатын  әрбір жан  оған өз  еңбегімен,   өз күшімен  ұмтылуы  тиіс"- 
деп Дистерверг айтқандай,  көп еңбек етумен ғана қандай да бір жетістікке жетуге болады"[3, 112].  
Сондықтан  жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеуге  жаңа  педагогикалық  технологиялар  мен 
ізденістер,  жаңа идеялар керек. Ол үшін біздер, ұстаздар көп тер төгуіміз қажет. Сонда ғана,  білім 
беру сапасын жақсартып, өз саламызда бәсекеге қабілетті мамандар даярлап, олардың білім сапасын 
көтеріп, халықаралық дәрежеге сай білім дәрежесіне жете аламыз.  
"Ұстазы  мықтының,    тәлімі  мықты"  -  дегендей,    берер  тәлім  -  тәрбиеміз  жоғары  дәрежеде 
болсын  
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі де - осы әдіс - 
тәсілдерді  жетілдіріп,  заманға  сай  білімді,  кәсіби  деңгейі  жоғары,  бәскеге  қабілетті  мамандар 
даярлау  болып  табылады"[4,  95].  Сол  міндеттерді  орындауға  тамшыдай  болсада  үлесімізді  қоссақ, 
онда біздің мақста - мүддеміздің орындалғаны.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  
1. Т. Кертаев. Оқытудың кейбір әдістері. А., 1991.   
2. Беспальков В. П. Педагогика технологиясы. А., 1998.   
3. Селенко К.  К. Современные образовательные технологии. А., 1998.   
4. Көшімбетова С. Инновациялық технологияның білім сапасын көтерудегі мүмкіндіктері.  
 
 
Н. ККарпаева 
 
Каталог: uploads -> files -> NIR
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет