Педагогика факультеті Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы



Pdf көрінісі
бет55/148
Дата07.01.2022
өлшемі1,87 Mb.
#20519
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   148
Байланысты:
ktj 20481

IV. Санды жазу. 


 
 
Екінші  ондықтағы  сандарды  жазуға  үйретуде  есеп  шотымен,  разрядтық  кестемен 
жұмыс  жасаған  тиімді.  Оқушылардың  назарын  13  санының  жазылуы  қалай  пайда 
болғанына аудару керек: алғаш ондықтарды жазамыз, содан кейін бірліктерді. 
V. Екі таңбалы санда әр цифр орнын бекіту. 
- 13 санын жазуға бізге неше цифр керек болды? 
- ол қай цифрлар? 
- 13 санындағы 3 цифры нені білдіреді? 
- осы сандағы 1 цифры нені білдіреді? 
- 13 санында бірліктер қай орында тұрады? (оң жақта бірінші) 
- ондық қай орында орналасқан? (оң жақтан екінші) 
Мұндай  сұрақтар  қою  арқылы  екітаңбалы  сандағы  цифрлардың  орындарының 
маңызын бекітеміз.  
VI. Сан қатардағы санның орнын келесі сұрақтар арқылы бекітеміз. 
- 13 саны қай саннан кейін тұрады? 
- 13 саны қай санның алдында тұрады? 
VII.Сандар мен көптіктерді сәйкестендіру келесі тапсырмалар арқылы жүргізіледі: 
санға  бірнеше  затты  таңдап  алу,  керісінше  бірнеше  затқа  соған  сәйкес  санды  таңдау. 
Мысалы,  мен  қандай  санды  көрсетемін,  сендер  соншалықты  шапалақтайсыңдар.  Немесе 
мен  бірнеше  затты  қойып  шығамын,  сендер  соған  сәйкес  санды  таңдайсындар.  Мысалы 
тапсырмалар: 
-  Берілген санға сәйкес цифрді таңда. 
-  Мен қанша сан көрсетемін, сен соншалықты заттар қойып шық. 
VIII. Сандарды салыстыру. 
Балаларды салыстыруға үйретуде шартты түрде 3 кезеңнен өтеміз: 
1-кезең: көрнекі құралдарды қолдану арқылы сандарды салыстырамыз (бумалар мен 
таяқшалар, брусоктар мен кубиктер, жолақшалар мен квадраттар қолдана отырып). Разряд 
бойынша салыстыруды үйретеміз, салыстыруды ондықтар разрядынан бастаймыз. 
2-кезеңде көрнекілікті ауыстырамыз, разрядтық кестені сүйеніп салыстыру. 
3-кезеңде  көрнекі-дидактикалық  материалдарды  қолданбай,  натурал  сандардың 
сандық қатардағы қасиетіне сүйенеміз. 
-2-  100 шамасындағы сандарды номерлеуін оқыту әдістемесі. 
100 шамасындағы сандарды номерлеуін оқытудың кезектілігі: 
1. 10 және 20 шамасындағы сандардың номерленуін қайталау. 
2. Толық ондықтарды номерлеуін оқыту. 
3. 21-ден 99-ға дейін сандардың номерленуін оқыту: 
a)  20-дан 30- ға дейін 
б) 30-дан 40-қа дейін 
в) 40-тан 50ге дейін 
г) 50-ден 60-қа дейін 
д) 60-тан 70-ке дейін 
е) 70-тен 80-ге дейін 
ж) 80-нен 90-ға дейін 
з) 90-нан 100-ге дейін. 
3-сыныптың  1-тоқсанының  бәрі  қайталауға  кетеді.  100  шамасындағы  сандарды 
номерленуін  оқытуда  20  шамасындағы  сандардың  номерленуін  оқытуда  қарастырылған 
әдістемелік кезеңдер қарастырылады. Толық ондықтардың номерленуін оқытуға 3-4 сабақ 
беріледі.  21-ден  99-ға  дейін  сандардың  номерленуін  оқытқанда  М.Н.Перова  алдымен  екі 
таңбалы  санның  аталу  қағидасын  көрсетуді  ұсынады,  мысалы,  оқушыларға  тапсырма 
беріледі: 
- 2 бума және 6 таяқша қойыңдар. 
- Неше таяқша қойдыңдар? 


 
 
- Біз 26 санын құрдық. Санның аталуы екі сөзден тұрады: жиырма және алты (қатар 
санның жазылған карточканы көрсету керек). 
Жиырма алты. 
-  Қалай жазылған? 
-  Алдымен ондықтар, содан кейін бірліктер. 
-  Сандардың жазылуын да бірге үйрету керек. 
Арнайы  мектеп  оқушыларын  сандардың  жазылуының  әртүрлі  формаларымен 
таныстырған жөн. Мысалы: 
3 ондық 6 бірлік. 
36=30+6;    36. 
Оқушыларды  100  шамасындағы  сандарды  номерленуін  оқытқанда  «разряд» 
ұғымымен  таныстырады,  бірліктер  бірінші  разрядқа  жатады  және  санды  жазғанда  оң 
жақтан бірінші жазылады, ондық екінші разрядқа жатады, оңың  екінші жазылатындығын 
айтады, жүздіктер үшінші разрядқа жатады, оң жақтан үшінші боп орналасқан. 
 -3-  20  және  100  шамасындағы  сандармен  қосу  және  алу  арифметикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет