Педагогика факультеті Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы


көлеміндегі сандарды таблицалық көбейту мен бөлуге үйрету әдістемесі



Pdf көрінісі
бет64/148
Дата07.01.2022
өлшемі1,87 Mb.
#20519
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   148
Байланысты:
ktj 20481

20 көлеміндегі сандарды таблицалық көбейту мен бөлуге үйрету әдістемесі 
Арнайы  мектептің  3-ші  сыныбында  20-дан  аспайтын 2,  3,  4,  5  сандарының көбейту 
және  бөлу  кестелерімен  танысады.  Көбейту  амалымен  таныстырудағы  дайындық  жұмысы 
ретінде    заттарды  тең  бөліктерге,  3-ке,  4-ке,  5-ке  бөлуге  үйрету  жұмыстары 
ұйымдастырылады.  Аталған  жұмыстар  кезінде  көрнекі  құралдар,  дидактикалық 
материалдар,  табиғи  материалдар,  ойыншықтар,  трафареттер  кеңінен  қолданылады. 
Сонымен  қатар,  тұрмыста  келетін  жұп  заттардың  тобын,  қолғап,  шұлықтар,  саусақтар, 
жұмыртқа, машинаның дөңгелектерін пайдаланған тиімді.  
2+2+2+2=8 2x4=8 
 
Бірте-бірте  көрнекі  құралодардың  көмегінсіз  мынадай  мысалдарды  шығаруға 
дағдыландырамыз.  3+3+3+3+3=3x5 2x7=2+2+2+2+2+2+2 
 
 
Қосу мен көбейтудің айырмашылығын түсінуі үшін мынадай тапсырмалар 
беруге болады. мысалы,  
1) 
2+2+2+2 = 8. Мына жағдайда қосу мен көбейтуді ауыстыруға бола 
ма? Неліктен? 
2+1 + 2 + 3=8. Мына жағдайда қосу мен көбейтуді ауыстыруға бола ма? 
Неліктен? 
20 көлеміндегі сандарды таблицалық бөлу 
Арнайы мектеп оқушылары көбейту аламымен анық танысып болғаннан кейін тең 
бөліктерге  бөлоу  және  мазмұнына  қарай  бөлуге  үйрету  реттілігімен  бөлу  амалымен 
таныстырады.  
100 көлеміндегі сандарды таблицалық көбейту 


 
 
100 көлеміндегі таблицалық көбейтуді үйрету әдістемесі 20 көлеміндегі сандарға 
ұқсас ұйымдастырылады.  
Көбейту  мен  бөлу  амалының  компоненттерін  түсіндіргеннен  кейін  кесте 
түрінде таныстырамыз.  
 
 
 
 
 
 
 
Нөлге көбейту мен бөлуді үйретудемынадай мысалдар қолданылады: 
 0x5=0+0+0+0+0=0, сонда, 0x5=0.  
Қалдықпен бөлу 4-ші сыныптан бастап үйретіледі. 
3:2=1  (қалд.  1)     5:2=2 (қалд.1) 4:3 = 1  (қалд 1)       
 
Таблицадан тыс көбейту мен бөлу 
Таблицалық  көбейту  мен  бөлуге  үйренгеннен  кейін  таблицадан  тыс  көбейту  мен 
бөлуге  үйрету  әдістемесі  ұйымдастырылады.  Нәтижелердің  100-ден  аспайтын  түрімен 
мынадай  мысалдарды  орындатуға  болады.  100  (20x3,  15-3,  4x20,  5х13),  (60:3,  39:3, 
80:20, 65:13) Таблицадан тыс көбейту мен бөлу  5—6-шы сыныптардан басталады. (30x2, 
60:2)  (12x3,  36:3)  түріндегі  мысалдар  4-ші  сыныптан  басталады.      Толық  ондықтарды 
көбейту  мен  бөлу  (40:20)  6-шы  сыныпта  басталады.  Екі  таңбалы  сандарға  көбейту 
мен бөлу (3х25, 75:25) 7-ші сыныптан басталады. 
Саусақ санамақ 3: екі қолмен 9-ға көбейту 
 
Сурет -1. Саусақ санамақ 
 
Бастауыш сынып оқушылары көбейту кестесін үйренген кезде бестен үлкен сандарды 
көбейтуге қиналатыны белгілі. Амал жоқ, кестені ал кеп жаттайды. Алайда 9-ға 
көбейтудің мынандай жеңіл әдісі бар екенін естен шығарып алады. 
Саусақтарды солдан оңға дейін нөмірлеп шығайық. 
Көбейткіш 


 
Көбейткіш  

 

Көбейтінді  
 
15 
24 
Бөлінгіш  12 
 
35 
Бөлгіш  3 
7  
Бөлінді   
21 



 
 
 
Сурет -2. Саусақ санамақ 
 
Енді 9-ға көбейтілетін санға сәйкес саусақты бүгейік. Сонда бүгілген саусақтың сол 
жағындағы саусақтар ондықтарды, ал оң жақтағылары бірліктерді көрсетеді. Мысалы, 4х9 
болса, төртінші саусақты бүгеміз. Сонда сол жақта 3 саусақ (ондықтар), ал оң жақта 6 
саусақ (бірліктер) болды. Яғни, жауабы 36. 
 
Сурет -3. Саусақ санамақ 
 
     Үйренуге де, үйретуге де жеңіл әдіс. 
      Математикалық  модельдеу  тәсілімен  құрастырылған  «Көбейту  қалашығы»,  «Түсті 
кілт»,  «Кемпірқосақ»,  «Бұрыштық  шаршы»  атты  жаттығу  жұмыстарында  төрт  амалдың 
компоненттері бойынша әр түрлі тәсілмен тапсырмалар құрайды. Оны шығарып үйренуде 
оқушының  ойы  көбейту  амалының  орындалуы  қосу  амалымен  жүзеге  асырылатынына 
өзінің көзі  жетеді.  Көбейту амалына кері  амал бөлу амалы екеніне  тәжірибе жүзінде көз 
жеткізіледі.  Ерекше  көз  тартатын  әр  түсті  көбейту  қалашықтарында  көбейткіштердің 
қатармен, ондықтар бағанмен берілгенін ережеге  сүйенбей-ақ оқушы өзі  анықтай алады. 
Және көбейту мен бөлу амалдарымен тапсырмалар құрып, орындайды. «Түсті кілт» ойын 
алаңында  түстер  бойынша  көбейту  кодтары  берілген.  Бұл  жағдай  да  оқушы  үшін  өте 
қызық әрі жетектеуші қызықты кілт болып табылады. Оқушыны өзі ойлап, өзі табуға, өз 
ой жетегіне бағынып, өзіндік білім негіздерін қалауына ерік береді. «Кемпірқосақ» ойын 
алаңы  доға  мен  секторлар  бойынша  берілгенімен  қызықты.  Көбейтінділер  доғалар, 
секторлар  бойынша  орналасқан.  «Бұрыштық  шаршы»  ойын  алаңы  бөлу  мен  көбейту 
бойынша  алған  білімін  бекітуге  арналған.  Бұл  жерде  бала  мұғалім  көмегіне  жүгінуі 
мүмкін.  Ал  ойлау  шеңберлері  жоғары  оқушылар  өз  білімдеріне  жүгіне  алады.  Тік 
төртбұрыштың  ауданын  есептеп  шығару,  графикалық  моделін  жасау  тапсырмаларын 
орындайды.  Бір  сөзбен  айтқанда  көбейту  мен  бөлу  амалын  бастауыш  сыныптың  ойын 
баласына үшін жеңіл үйретуде мұғалімге көп көмек бола алады. 


 
 
Арнайы  мектеп  оқушыларына  көбейту  мен  бөлуді  оқыту  әдістемесі  әлі  де  болса 
ғылыми және тәжірибелік дәлелдеулерді қажет етеді. Мынадай жүйемен беріледі. 
1.  Көбейту амалын бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде таныстыру. 
2.  Тең бөліктерге бөлумен таныстыру. 
3.  2 санының көбейту кестесін құру. 
4.  2 санының көбейту кестесін тең бөліктерге бөлу кезінде қарастыру. 
5.  20 көлеміндегі сандардың көбейту кестесін құру. 
6.  20 көлеміндегі сандардың көбейту кестесін тең бөліктерге бөлу арқылы үйрету. 
7.  Практикалық түрде көбейтудің ауыстырымдылық заңдылығымен таныстыру. 
8.  100 көлеміндегі сандардың көбейту және бөлу кестесін құру.  
9.  Қалдықпен бөлу. 
10. Мазмұнына қарай бөлу. 
11. Бірліктерге көбейту және бөлу. 
12. Ноль көбейтудің компоненті ретінде.  
13. Ноль бөлу ретінде.  
       Көбейту  мен  бөлуге  уйретудегі  мұғалімнің  негізгі  міндеті  әрбір  арифметикалық 
амалды  нақты  материалдың  мазмұны  арқылы  ашу.  Оқушылардың  нақты  материал 
көлемінде  қорытынды,  анализ,  салыстырулар    жасауына  қол  жеткізу  керек. 
Қорытындысында  көбейтудің  бірдей  қосылғыштардың  қосындысы    екенін  түсіндіруіміз 
керек. 
      20  көлеміндегі  сандарды  таблицалық  көбейту  мен  бөлуге  үйрету  әдістемесі  көмекші 
мектептің 3  - ші сыныбында  20 – дан аспайтын 2, 3, 4, 5 сандарының көбейту және бөлу 
кестелерімен  танысады.  Көбейту  амалымен  таныстырудағы  дайындық  жұмысы  ретінде 
заттарды тең бөліктерге, 3- ке , 4- ке,  5 – ке бөлуге үйрету жұмыстары ұйымдастырылады. 
Аталған  жұмыстар  кезінде  көрнекі  құралдар,  дидактикалық  материалдар,  табиғи 
материалдар, ойыншықтар, трафареттер кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, тұрмыста 
келетін  жұп  заттардың  тобын,  қолғап,  шұлық,  шұлықтар,  саусақтар,  жұмыртқа, 
машинаның дөңгелектерін пайдаланған тиімді.      
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет