Оқушыларға 1-ден бастап қана емес қай саннан болса да берілген санға дейін
санауды үйрету қажет.
Арнайы мктептің 1-ші сыныбына жасалған оқушылардың құрылымы әр
түрлі.Орта мектепте оқуды бастаған балалардың біразы бұрын сауат ашу орынды
болмаған. Балалардың көпшілігі заттардың түсін,оң мен солын ажырата алмайды.
Заттардың қасиеттері түр түсініктері өте төмен. Ойлау салыстыру қаблеттері
жетілмеген, сөйлеу тілінің кемістіктері бар.
Қазіргі таңда оқулық бойынша дайындық кезеңінде берілген сабақтардың саны
көбейтілген.
Бас кезінде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын түсінбейді, берілген заттарды
салыстырудың орнына олармен ойнап отырады.
Математика сабақтары басқа пән сабақтарымен тығыз байланысты болғаны қажет.
Сабақтан тыс уақытта да оқушылардың білімін бекіткен, тереңдеткен дұрыс. Мысалы,
ойындар өткізген кезде балалар заттардың түсін, өлшемін айтып жеткізеді. Әр
сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың назарын тақырып бойынша
айналадғы заттарға аударып отыруы қажет. Кейбір түсініктерге бағдарлама бойынша
бөлек
сағат берілмейді, бірақ осы түсініктер қайталанып бекітіледі.
Бірінші сыныпта сабақтың ұзақтығы 35 минут. Қалған уақытта мұғалім оқушылармен
ойындар өткізеді, келесі сабаққа дайындайды. Әр сабақта екі рет сергіту сәті өтеді,
тапсырмалар ойын түрінде өткізіледі, келесі сабаққа дайындайды. Геометриялық
материал бойынша тақырыптарға жеке сабақ арналмай әр сабақта жұмыс жүргізген
жөн. Сабақтарда мұғалім әр түрлі әдістер қолданады. Практикалық және оқулық
бойынша жұмыс жүргізілген соң, жұмыс даптері бойынша тапсырмалар орындалады.
Бірінші сыныпта математика пәнінің ең басты мақсаты-оқушыларда заттар
топтарының арасында өзара бірмағыналы сәйкестіктерді орнатуға дәлелдеуге үйрету.
Сабақтарда пайдаланатын заттарды оқушылар көріп ғана қоймай, қолдарына ұстап
көруі тиіс.
1- Екінші концентрдің материалын 2 және 3 сыныптың басында оқиды. 20
шамасындағы сандармен 2 сыныпта таныстырады. Бірінші 11-ден 20 дейінгі сандардың
номерленуін оқиды, ал III тоқсаннан бастап разрядтан өтпей 20 шамасындағы сандармен
қосу және алу амалдарын орындауды өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: