Тақырып: Психологиялық өлшеудің классикалық теориясы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Психологиялық өлшеудің классикалық теориясы.
2.Теория бөліктері.
3.Шкалалар типтері.
4.Шкалалар типреті және түзілістер типтері
Мақсаты: Психологиялық өлшеудің классикалық теориясы, теория бөліктері, шкалалар типтері, шкалалар типтері және түзілістер типтері жөніндегі түсініктерді қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны
1.Өлшеу жекелік зерттеу әдісі болып табылады. Бірақ эксперименттік толық процедураның компоненті де бола алады. Өлшеу өзіндік әдіс ретінде субьект әрекетінің индивидуалды ерекшеліктерін және олардың қоршаған ортада бейнелеуін анықтайды. Сонымен қатар индивидуалды тәжірибе құрамын және бейнелеу адекваттылығын зерттеуге болады. Өлшеу экспериментке зерттеу обьектісінің жағдайының тіркелу әдісі ретінде енеді, және сол жағдай эксперименталды әсер ету нәтижесінде өзгерске түседі. Зерттеу –тек түрлі уақыт аралығында зерттелуші іс-әрекетінің ерекшеліктерінің өлшенуіне тоқталады. Уақыт – бұл жағдайда обьектке әсер ететін жалғыз өзгертуші болады. Өлшеу теориясының негізінде психологиялық тесттер құрылады. Тест – уақыт жағынан қысқартылған және оңайлатылған психологиялық өлшеудің процедурасы . Практикалық есептерді шешу үшін қолданылады. Психологиялық өлшеудің түп негізі неде?Психологиялық өлшеудің 3 негізгі процедурасы ерекше ленеді. Ерекшелеу негізгі - өлшеу обьектісі. Біріншіден , психолог адамдардың іс- әрекет ерекшеліктерін өлшей алады. Бір адамның екіншісінен айырмашылығын кейбір қасиеттерінің көрінуіне байланысты психикалық күйіне байланысты немесе оны белгілі тұлға типіне жатқызуын психолог , іс- әрекет ерекшеліктерін өлшей отырып, адамдардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтайды. Психологиялық өлшеу зерттелушілердің өлшемдері бола бастайды. Екіншіден, зерттеуші өлшеуді зерттелушінің есебі ретінде қолдана алады, зерттеу барысында ақтық сыртқы обьектілерін зерттейді. Басқа адамдарды, стимулдарды немесе сыртқы өмірдің заттарын , өзіндік сыртқы жай күйлерін көбіне бұл процедура стимумдарды өлшеу болып табылады. Стимул- түсінігі кең мағынада қолданылады. Үшіншіден , адамдар мен стимулдарды біріктіріп, өлшеу немесе шкалалаудың процедурасы бар. Мұнда стимулдар мне зерттелушілер бір өсте орналасуы мүмкін деп жорамалданады. Зерттелушінің іс- әрекеті тұлға мне ситуацияның өзіндік әрекетінің көріну реті қарастырылады. Бұндай процедура білім мен есептерді тестілеуде; Мысалы Кумбс, Гуттман, тестілерінде қолданылады. Сырттай психологиялық өлшеу процедурасының психологиялық эксперимент процедурасынан айырмашылығы жоқ. Психологияның зерттеу практикасында “өлшеу мен эксперимент түсінігі синонимдер ретінде қолданылады. Алайда психологиялық эксперимент жүргізерде бізді өзгермелер арасындағы себеп байланыстар қызықтырады . Психологиялық өлшеудің нәтижесі зерттелушінің белгілі клас
қа , шкала нүктесіне немесе белгілер арасына жатқызылуы болады. Қатаң түрде психологиялық өлшеу деп зерттелушінің іс-әрекетіндегі өлшеуді айтамыз.
Стимулдардың психологиялық өлшеуі жай психологиялық эксперимент барысында экспериментатор емес, зерттелушінің өзі шешетін есеп болып табылады. Бұл жағдайда өлшеу психологиялық әдіс ретінде болады, ал зерттелуші тек өлшеу құралы ролін атқарады. Сол түрдегі “өлшеу нәтижесі өлшеудің моделі негізінде қолданылатын болса және сол математикалық процедурасын қолданып өңделетін болса, психологияда зерттелуші іс- әрекетінің өлшеу қорытындысын *психологиялық өлшеу түсінігі ретінде қолдану керек.
Психологиялық өлшеу процедурасы эксперименталды зерттеудің этаптарына тән . Психологиялық өлшеудің негізі өлшеудің математикалық теориясы болып табылады. Математикалық көзқарас тұрғысынан өлшеу деп көптеген обьектілер мен символдардың екі жақты бір мағыналы үйлесім құру операциясын айтады. Символдар (сандар) заттарға белгілі ережелер бойынша жазылады. Ереже өлшеу шкаласын анықтайды. Өлшеу шкаласы- 1950 жылы С.С Стивенспен психологияға енгізілген негізгі түсінік . Оның шкала трактавкасы қазіргі кезде де ғылыми қолданылады. Сонымен обьектіні сандармен белгілеу шкала болып табылады . Сандық жүйе арқылы қатынас құрылған элементтер жиынтығы болып табылады және көптеген өлшеу обьектілерінің моделі болады.
Бұнда шкаланың бірнеше типтері бар. Операциялар соның ішінде обьектілерді өлшеу әдістері шкала типтерін шығарады. Шкала өз алдына өлшеу нәтижесіне қатысты болатын қайта түзілулер түрімен сипатталады. Егер осы ережелерді сақтамасақ шкала құрылымы бұзылып , берілген өлшеулерді қорытындылау мүмкін болмайды. Шкала типтері сөздің статистика әдістерін бірігуін анықтайды. Әдістер берілген өлшеулердің өңдеуінде қолданлады. Шкала (лат scala-баспалдақ) - өлшеу құралы.
П.Суппес және Дж.Зинес шкаланың классикалық анықтамасын берді. А-қатынас пен эмпирикалық жүйе , R-қатынас пен толық сандық жүйе,F-R жүйесінде А-ның гомоморфты бейнелеу функциясы .Шкала деп жинақталған үштікті атасақ < A; R; F>.
Әдетте сандық R жүйесі ретінде нақты сандар жүйесі таңдалады. А көптігі –осы көптекті анықталған қатынастар жүйесімен өлшенетін обьекті жиынтығы. F бейнеленуі - әрі обьектіге белгілі санды қою ережесі.
Қазіргі кезде Суппес пен Зинес анықтамалары нақтыланды. Біріншіден , шкала анықтамасына қайта түзілу мүмкін топ G тобы енгізілді. Екіншіден, А көптігі – тек сандық жүйе ретінде ғана емес , кез- келген формальды , белгіленген , эмпирикалық жүйемен гомоморфизм қатынасына қойылуы мүмкін жүйе . Сонымен шкала ол төрттік < A; R; F; G>.Жаңашыл ойларға байланысты , шкаланың ішкі сипаттамасына G тобы жатады, ал F тобына нақты өлшеудің жағдайына шкаланың байлануы жатады.
Шкаланың негізгі типтері бар: интервал шкаласы , реттік шкала , атаулар шкаласы, қарым- қатынас шкаласы . Кейбір мамандар қатары тағы абсолют шкаласы мен айырмашылық шкаласын атап өтеді.
Атаулар шкаласы обьектілерге атаулар қоюмен ерекщеленеді . Обьектілер бір – бірімен салыстырылып , олардың эквиваленттілігі анықталады. Белгілі бір класқа жататын обьектілер бір біріне ұқсас және басқа обьектілерден ерекшеленуімен сипатталады. Эквивалентті обьектіге бірдей атаулар беріледі. Салыстыру операциясы әрбір шкаланы тұрғызудың бірінші шарты болып табылады. Мұндай шкаланы құру үшін обьекті өзіне өзі тең немесе ұқсас болуы керек . Психологияның обьектілер үшін , мысалы зерттелушілермен психикалық образдар, бұл қатынас орындалуы мүмкін . Барлық обьектілердің жұптық салыстырылу операциясы эмпирикалық бір уақытта жүзеге асады, ал эмпирикалық өлшеу кезінде бұл жай ғана жағдай орындалмайды.
Еске сақтайтын жайт : кез- келген шкала , атаулар шкаласының өзі де шындықтың моделі, идеамуция болып табылады. Обьекттерде симметриялық R ( X= Y )- R (Y= X ) және транцитивті R ( X = Y; Y= Z ) – R (X =Z ) қарым қатынас жүзеге асады. Бірақ психологиялық эксприменттің көптеген нәтижелерінде бұл жағдайлар бұзылуы мүмкін.
Эксперименттің бірнеше рет қайталануы ( статистиканың жиналуы) класс құрамының араласуына экеледі. Бір жақсысы біз обьекттің сол класқа жататынына нұсқайтын баға ала аламыз. Сондықтан, атаулар шкаласын жай шкала деп атауға болмайды. Шкаланың аса қолайлы түрлері бар: толеранттық қатынас негізіндегі шкалалар , шайылған классификациясы шкалалар және т. б .
Атаулар шкаласы туралы айтуға болады.,егер эмпирикалық обьектілер тек санмен белгіленсе. Сондай белгілердің мысалы болып, футболистердің майкасындағы сандарды айтуға болады. Дәстүр бойынша 1 саны қақпашыға беріліп , сол себептен ол басқа ойыншылардан ерекшеленетінін айтады. Бірақ оның футбол алаңындағы функциясы басқа қақпашылардың функциясынан эквивалентті.
Атаулар шкаласын қолданғанда сандардың орнына басқа символдарды қолданған жөн , немесе сандық шкала түрлі операция жүйесімен сипатталады .
Сонымен , егер обьекттер қандайда бір қатынаста эквивалентті болса , онда біздің оларды бір топқа жатқызуға құқымыз бар. Бұл шкала үшін кез- келген келісімді біртекті қайта түзілістер тән. Өлшеудің субьективті психологиясында сонымен қатар классификация да қолданылады. Мысалдар: Гарднер бойынша обьекттерді іріктеу , психофизикадағы константты стимулдардың әдісі және т. б.
Атаулар шкаласын қолданатын зерттеуші келесі вариантты статистикаларды қолдана алады : қатысты жиілік , мода, кездейсоқ шамалардың коррелациясы , критерий т. б
Реттік шкаланы құту атаулар шкаласына қарағанда күрделі . Реттік шкалада обьект басқа екеуінің арасында орналасуы мүмкін, егерде а>в , в > с немесе а >с.
Атаулар шкаласы арқылы арқылы анықталған эквива- тік кластар кейбір себептерден жинақталуы мүмкін . Шкала қатаң реттік шкала және элсіз реттік шкала деп бөлінеді. Бірінші жағдайда көптік элементтерінде жүзеге асылады. Көп емес және аз, ал екінші жағдайда көп емес және тең және кем немесе тең.
Реттік шкала танымды процесстер психологиясында , экспирименталды психо семантикада, социалды психология кең қолданылады. Реттік шкаланы қолданудың классикалық мысалы болып , тұлға қасиеттерін, қабілеттерін тестілеу табылады. Қалай болса да , реттік шкала обьектілердің кейбір белгілер өсінде түзу жинақталуын енгізуге көмектеседі. Сол арқылы ең маңызды түсінік енгізіледі- өлшенетін қасиет, түзу қасиет.
Реттік шкаланың өтпелі варианты ретінде бар қасиет - жоқ қасиет принципіне сүйеніп жүргізілетін дихотомикалық классификация саналады . Көптіктің дихотомикалық бөлінуі тек реттелуді ғана емес сонымен қатар метриканы да қолдануға мүмкіндік жасайды. Берілгендерді қорытындылау үшін статистикалық өлшеулердің аса кең спиктрлерін қолдануға болады.
Интервалдар шкаласы бірінші метрикалық шкала болып табылады. Осыдан бастап өлшеулер туралы тар мағынада айтудың маңызы бар . Интервалды шкала обьектілерді қасиеттерінің көрінуі арасындағы айырмашылықтарының көлемін анықтайды. Интервалдар шкаласының көмегімен екі обьектіні салыстыруға болады. Белгілі бір обьектідегі қасиеттердің айқын көрінуін екі обьектіні салыстырмалы түрде қарастырады. Интервалдар шкаласы жиі зерттеушілермен қолданылады .
Интервалды шкала өзінің көмегі арқылы алынған анализ белгілері үшін бүкіл параметрлік статистиканы қолдануға мүмкіндік береді . Медиана мен модадан басқа орталық тенденцияның сипаттамасы үшін орташа арифметикалық байланыстар үлкендігін бағалау үшін Пирсонның сызықтық корреляция коэфиценті пайдаланылады. Психологияның өлшеу теориялары жөніндегі мамндардың ойынша тесттер психикалық қасиеттерді интервалдар шкаласы арқылы өлшейді . Ең алдымен ол интеллект пен жетістіктер тестіне қатысты . Бір тесттің есептеуін екінші тесттің есептеуіне аударғанда сызықтық қайта құрудың көмегі зор . x= ax+b.
Қарым- қатынас шкаласы - физикада көп қолданылатын шкалалардың бірі . Қарым –қатынас шкаласының интервалды шкаладан айырмашылы « нөлдік жағдайдың анық болуында . Соның классикалық мысалы - Кельвин темперетурасының шкаласы .
Психологияда қарым – қатынас шкаласын көбіне қолданбайды . Қарым –қатынас шкаласының белгілері түрдің қайта құрылуына қатысты инвариантты : x = ax . Шкала белгілерін константқа көбейтуге болады . Оларға кез – келген статистикалық өлшеулер қолданылады .
Қарым - қатынас шеаласының қолдану аймағы – массасын , реакция мен тесттік тапсырманы шығару уақытын өлшеу . Бұл шкаланың абсалютті шкаладан айырмашылығы « шынайы масштабты бірліктің болмауы .
Шкалалық қайта түзілулердің екі варианты мүмкін .
1) Шкала күштілігінің өсуі ;
2) Шкала күштілігінің кемуі ;
Екінші жағдай тривиалды болып табылады . Күштілігі көбіне жататын бүкіл мүмкін процедуралар күщтілігі аз жағдайға жататын болса онда интервалды шкала арқылы алынған мәліметтерді - реттік деп , ал реттік шкаланы - номиналды ретінде алуға құқығымыз бар.
Атаулар шкаласының реттік шкалаға көшуді қарастырамыз . Ол үшін кейбір негіздер бойынша кластарды реттеу қажет . Обьектінің кейбір кластарға жатуы кездейсоқ функция дерлік . Онда реттік шкаладан атаулар шкаласына көшу кластардың рет телуі болған жағдайда ғана жүзеге асады . Біріншіден , әрбір элемент үшін модальды класс болады: басқа класқа қарағанда көп иеліктердің болуы . Екіншіден , әрбір элемент үшін көптік класқа жату мүмкіндігінің бірі ғана функциясы бар және соларды бір ғана әдіспен реттеуге болатындай . Жай айтқанда , әрбір кластың тек екі көрінісі болуы керек : « сол жақ» және « оң жақ», ал көршілік реттілік элементтердің түрлі класқа түсудің эмпирикалық жиілігімен анықталады . «Өзінің » класына элементі жиі түседі , ал «көршіге » кем және алыстағыларға - өте кем түседі . Берілгендерді өңдеу кезінде кластың әрбір үштігі стохастикалық транзиттікке эмпирикалық тексерістен өтеді. Реттік шкаланың интервалдар шкаласына ауысуы - ең жиі вариант . Ол психологияның теориясына арналған әдебиеттерде бейнеленген .
Психологияда көптеген нақты өлшеу әдістемелері қолданылады. Психологиялық өлшеудің қолайлы классификациясы С. С. Паповян ұсынды .
Психологиялық өлшеу әдістері әртүрлі негіздер бойынша топтастырылады.
1. «шикі» мәліметтер жинау процедурасына
2. өлшеу пәніне
3. қолданылатын шкала түріне
4. шкалаланатын материал типіне
5. шкалалау моделіне
6. «өлшеулердің» санымы ( бір өлшемді және көп өлшемді )
7. мәліәметтерді жинау әдісінің күштілігіне
8. индивид жауабының типіне
9. Олар қандай: детерминистік және мүмкіндікті .
Экспериментатор - психолог үшін өлшеу пәні мен мәліметтер жинау процедурасы басты негіздері болды.
Субьективті шкалалаудың жиі қолданылатын процедурасы :
Ранжирлеу әдісі : бүкіл обьектілер зерттелушінің алдына бір уақытта ұсынып, өлшенетін белгісінің үлкендігіне қарай реттеу .
Жұптап салыстыру әдісі: обьекттер зерттелушіге жұпталып беріледі . Жұптар мүшелері арасындағы ерекшеліктерді зерттелуші өзінің ұқсастықтарында бағалайды .
Абсолютті бағалау әдісі: стимулдар бір –бірлеп беріледі .Зерттелуші берілген шкала бірлігінде стимулдарды бағалайды .
Таңдау әдісі : Индивидке бірнеше обьектілер беріледі , кейбіреуінен берілген критерийге сай авлентінін таңдау керек .
Өлшеу пәні бойынша бүкіл әдістемелер бөлінеді :
А) обьектерді шкалалау әдістемесі;
Б) индивидтерді шкалалау әдістемесі;
В) обьекттер мен индивидтерді бірігіп шкалалау әдістемесі .
Обьекттілерді шкалалау әдістемесі эксперименталды және өлшеу процедурасы контекстінде айтылады . Негізі олар зерттелушінің есебі болып табылмайды, эксперименталды есебі болады . Зерттеуші бұл есепті зерттелушінің мінез құлқын шығару үшін , психиканың ерекшеліктерін анықтау үшін қолданады .
Субьективті шкалалау барысында зерттелуші өлшеу құралының функцияларын орындайды, ал экспериментатор зерттелушілермен «өлшенетін» обьектілердің ерекшеліктеріне аз қызығады және «өлшеу құралын » өзі зерттейді .
Субьективті шкалалаудың әдістемесі мен моделі дәстүр бойынша мінез құлыұты өлшеу моделі мен техникасымен бір бөлікте қарастырылады. Бұл дәстүр мыналармен байланысты : «обьектілерді шкалалауда» , «индивидтерді шкалалауда » мәліметтерді интерпритациялау мен өңдеу процесінде ұқсас математикалық аппараттар қолданылады . Бір өлшемді және көп өлшемді субьективті шкалалау процедурасына кең ғылыми және мектептік әдебиет арналған .
Достарыңызбен бөлісу: |