Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



бет105/231
Дата06.01.2022
өлшемі1,92 Mb.
#11807
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   231
Байланысты:
Эксп.психология ПП 3кр.2009

1.Қолдану жағдайы. Тестті біреу құрастырған, белгілі бір тіл мәдениетінен алынған тесттік нормалар бар.(стандарттау таңдауының және жас-жыныстық құрылымға қолдану таңдауы кәсіби-мәдени белгілері бойынша мәнсіз саналады).

2.Бейімделу жағдайы. Тестті біреу құрастырған, сенімділігі мен валидтілігі тексерілген, бірақ тесттік нормалары жоқ.Бейімделудің басты мақсаты тесттік нормаларды құру болып табылады

3.Құрастыру жағдайы. Психикалық қасиетті концепция бар,бірақ оны өлшейтін уақыт, орын, санақ анализі және басқа ресурстардың кедергілеріне талапты қанағаттандыратын процедурасы жоқ. Сондықтан өлшейтін процедураны тауып, оның сенімділігін, валидтілігін тексеріп, тесттік нормаларды құрастыру керек.

Аударма тестілердің бейімделу сұрақтарына тоқтала кетсек. Дайын шетел әдістемелері арқылы отандық әдістемелер репертуарын толықтыру көптеген психологтар үшін психодиагностикаға арзан, қысқа, валидті жол болып табылады. Бірақ, бейімдеу тек қана тесттік ұпайда нормативті бөлуге теңестірілсе, онда бейімделген әдістеменің валидтілігі мен сенімділігі жаңа жағдайда сенім оятады, ал авторлардың тесттік концепциясы және оның қолданған валидтілік критериінің мазмұны біздің жағдайға өзгерісіз енеді. Мұндай ауыстыру қалыпты психикалық қасиеттерді тестілеуде елемейтін қателіктерді береді (жүйке жүйесінің қасиеті, функционалдық жағдайы, сенсомоторлық параметрлері, қалыпты когнитивті функциялары).Тұлғаның интегралдық психикалық қасиетін және жеке сезінуді (түрткілер,өз-өзін бағалау,жалпы қабілеттер,қарым-қатынас стилі, құндылыққа бағдарлануы, қызығушылықтыры), сонымен қатар кез-келген лингвистикалық құралдарды қолдануды және мәдени спецификалық критерилердің қорытындысын бағалауды тестілеуде бейімдеудің тесттік нормаларын ғана жинастыруға болмайды.



Жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда, көлемі бойынша ерекше әдістеме жасауға жұмыстың сенімділігі мен валидтілігін тексеру үшін эмпирикалық жұмыс қажет. Бұл жол саналы түрде немесе білместіктен психометрика принциптерін елемейтіндер үшін ғана қысқа болып табылады.Аударылған көп деңгейлі сұрақнама-тестін бейімдеудегі жұмыста эмпирикалық-статистикалық сатыларды атап кету жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет