Жаһандық білім беру және дүниежүзілік білім беру кеңістігі.
ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады
Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды,білім жүйесңнде жаңа бағыттар қаплыптаса бастады Мемлекеттік стандарттар жаңартылып,оқу бағдарламалары жетілдіріліп,жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар,білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда.
Мемлекет басшысы отандық білім беру жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралақ дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін батырып айтты.
Білім беру тәрбиенің және оқытып үйретудің нәтижесі. Тура мағынасында білім беру оқып үйренген пәндер туралы нақты, түпкілікті түсініктерді, бейнелерді қалыптастыру және олар арқылы тәрбиелеу болып табылады. Білім беру – бұл оқушылар алып, меңгеретін білімдердің, қабілеттердің және дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы, ХІХ ғасырда білім алу адамның қалыптасуы ретінде түсінілді. Қвзіргі кезде адамзат баласы жинақтап, зерделеген білім негіздері ұшан-теңіз, адам қаншама ұзақ уақыт оқып-үйренсе де, осыншалық білімнің бәрін бірдей игере алмас еді.
Белгілі бір деңгейде жүйелі білім алған, сонымен қатар қандай да бір нәрсенің себебі мен салдарын ашып көрсете отырып, жүйелі ойлай алатын адамды білімді адам деп атау қабылданған. Білімділіктің басты шарты – алған білімнің, ойлау қабілетінің қисындылығы. Бұл жүйеліліктер адам логикасының зерделеу жолымен білім жүйесінің осал буындарын өз бетімен қалпына келтіруге қабілетті болған кезде толық көрінеді.
Біз көптеген адамдардың керемет есте сақтау қабілетіне, аса көп білетініне тәнті боламыз. Адамдардың көп оқитынын, энциклопедиялық хабардарлығын көбіне білімдарлыққа саямыз. Бұл шындыққа сай келмейді, өйткені құбылыстың себеп-салдар байланыстарын аша алатын, өз пікірі, ұстанымы бар адам ғана білімдарлық деңгейіне жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |