Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Ес туралы ұғым, физиологиялық негізі. Ес процестері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану



бет101/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

Ес туралы ұғым, физиологиялық негізі. Ес процестері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану.

Біздің түйсінген және қабылданған заттарымыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежеде есте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлы жағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады.

Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұл әрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мәселен, мектепте әртүрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады.



Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ес – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс

Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды

Есте сақтау түрлерінің 3 негізгі түрі

Көріп есте сақтау қабілеті

Тыңдау есте сақтау қабілеті

Сезу арқылы есте сақтау қабілеті

Ес – ең күрделі психикалық әрекеттердің

бірі.


Егер адамда ес болмаса, дүниедегі барлық заттар мен болмыстар бізге әрқашанда жаңа, өткен тәжірибемізде болмаған, оларды еш уақытта көрмеген, естімеген, қабылдамаған,

сезбеген құбылыс болып табылар еді. Мұнсыз ол өмір бойы жиналған рухани байлық пен мұраны меңгере алмай, ғылымның, тарихтың, өнердің, барлық мәдениет атаулының ешбір өсіп-даму прогресі болмас еді.



  • Қайта жаңғырту

  • Еріксіз

  • Арнайы

Ұмыту түрліше жағдайларда көрініс табуы мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдейілеп еске түсіруге не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болады , енді бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады.

Ес – бұл мидың маңызды процестерінің бірі. Ес бізге әр кезде, яғни оқуда да, жұмыста да, күнделікті өмірде де қажет. Өкінішке орай, ес уақыт өте нашарлайды. Бұған себеп адамның жасының ұлғаюы, стресстік жағдайлар және т.б. Сіздерге есті жақсартудың бірнеше жолын ұсынамыз:



  • Естің қалыпты жұмыс істеуі үшін организмге А, С, Е, К және В тобы дәрумендерінің саны жеткілікті болуы

қажет. Олардың әрқайсысы мидың жақсы жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды; тез шаршаудың алдын алады, жылдам сақтауды қамтамасыз етеді, жинақы жауап беруге көмектеседі. Сонымен қатар мидың жақсы жұмыс жасауы үшін темірдің, фолий қышқылының, жартылай қанық май қышқылының жеткілікті болуы маңызды. Сондықтан тұтынатын тағамның құрамында ет,

сиырдың бауыры, картоп, нан, сүт, банан, йогурт, құймақ,

алма, балық, жаңа көкөністер мен жемістер, грек жаңғағы

болуы қажет;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет