«Жүздік» тақырыбында: оқушылар жаңа санау бірлігі – ондықпен және санау жүйесінің ең маңызды ұғымы – разряд ұғымымен танысады; ауызша және жазбаша нөмірлеудің негізін құрайтын екі таңбалы сандардың жасалу, оқылу, жазылу принциптері, сондай – ақ оларды салыстыру қарастырылады.
Бұл тақырыпты оқытудың негізгі нәтижесі ретінде: 100-ге дейін санауды, сандарды оқуды, жазуды және толық ондықтармен санауды үйренуді; разряд, разрядтық сандардың қосындысы: бір таңбалы, екі таңбалы сан; бірлік, ондық терминдерін игеруді атауға болады. Мұнда алдымен 10 көлеміндегі сандарды қайталай отырып, жекелеген бірліктерден ондық құралып, толық ондықтармен санайды, яғни 10 бірлік – ондық.