Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері



бет51/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

1.Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері

Оқушылардың эстетикалық талғамын, рухани байлығын , әсемдігін, терең сезімін,

музыкалық сауатын қалыптастыруды шығармаларды тыңдау, музыканы айту, тыңдау

арқылы жүзеге асыру үшін музыка пәні мұғалімдерінің алдына көптеген міндеттер жүктейді.



Музыка сабағының негізгі мақсаты шәкіртке музыка, соның ішінде халық музыкасын, ұлттықөнердің құдіреттілігін таныту. Сөйтіп, оқушылардың санасына, еркіне, әсіресе олардың сезімі мен ұшқыр қиялына пайдалы әсер ету.

Бүгінгі таңда музыкалық білім берудің мақсаты оқушылардың рухани, адамгершілік, эстетикалық, көркемдік мәдениетінің қалыптасуы деп түсіндіріледі. Бұл мақсат музыкалық білім берудің келесі негізгі міндеттерінің жүзеге асырылуын көздейді:

-балалардың музыкаға деген сезімін, сүйіспеншілігін ояту
өнер туындыларына эмоционалды-эстетикалық сипатта баға беруін
сезім мәдениетін дамыту;

– оқушыларды халықтық, классикалық, жаңа кезеңі музыкасымен, әсіресе аса бай форма мен жанрдагы музыка өнері туындыларымен таныстыру;

– өмірмен рухани байланыстағы музыка туралы білімдерді меңгерту;

– музыкалық қабілеттерін, дағды, іскерліктерін дамыту, музыкамен шұғылдану процесінде өздерінің жеке тұлға екендігін саналы түрде ұғындыру;

– тыңдаушылық және орындаушылық, музыка шығару, импровизациялау іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

– музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеу;

– көркемдігі жоғары музыкамен шұғылдануға деген қажеттіктерін дамыту;

– өз бетімен музыкалық білімін толықтыруға қабілеттілігін дамыту.

Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың оқу жүмысын тек қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет