Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік



бет7/7
Дата08.10.2024
өлшемі179,89 Kb.
#147204
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 дәріс Докторантура Word

Интерғылыми әдістерге экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады.
Зерттеу үдерісі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:
· экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
· интерполяция ‒ құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;
· модельдеу – шынайы түрде бар үдерістер мен құбылыстардың логикалық, ақпараттық және графикалық құрылымын жасау, яғни нысандарды жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түп нұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
· ретроспекция ‒ объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
· эксперттік бағалау – эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары.
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдердің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет