Педагогика ғылымының мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы



бет22/31
Дата15.06.2022
өлшемі158,6 Kb.
#36865
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
Педагогика емтихан

Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік,көсемдік сөз сақтауы өкпе, реніш , ыңғайсыздыққа негіз болады. “Міндетті”,“қажетті”деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың ақыл-кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады.
Ата-аналардың көпшілігі өз міндеттерін жақсы түсінеді, бірақ тәрбие тәжірибесінде өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектілігін білу де маңызды.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдауға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, білімі жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсіністікпен және жауапкершілікпен қарайды.
Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі-ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден “жасыратын” құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сеніп сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандай болса да ата-аналар қандай тәрбиеші болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс. Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.

  1. Педагогикалық ұжымдағы келіспеушілік.

Жағымдн психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардын катарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе "климаттык ауытқуды" атауға болады. Әлеуметтік-психологиялык келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын карама-қайшыльщтын шиелешсіл кетуі ретіндв қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен қүралдары туралы әртүрлі пікірде болады.
Келіспеуиііліктер әртүрлі себептердің саддары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралык келіспеу-шіліктер бірлескен педагогикалық әреқет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына бапланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасыңдағы іскерлік сипаттаіғы байланыс болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеу-шіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кесіптік-педагогикалық әрекетті максатқа жетуге крдергі келтіретін, іскерлік бай/ганыстардың бүзылуынан іуындайтын кәсіптік келісігеушіліктер. Бұндай келіспеу-шіліктер жұмыстағы ынтасьтздықтан, мүгалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен тур-тндайды. Екінші топ - дедагог мінез-құлқының өзара қатынас нормііьіна сай келмеуіне, сол сияқты мінез-қүлық псн іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің оір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, көсіптік этика нормаларының бүзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық түрақсыздығы, шамадан тыс өкпешіддігі сияқты сапалар қүрайды.
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттер-ДІҢ бірізділігінен түрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шсічімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушілікті алтын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы ткіс, сондықтан ол ксліспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қальштасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайывдауы тиіс.
Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшслеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды чгектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсштік келіспешшіліктер енбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін өзгерту, .мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ая тұлғальтк сәйкессіздіктен туындаіан келіспеушілікті жою күрделі сииаг алады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердін өмір сүруін мойындататындай шеяіім қабылдайды.

  1. Отбасы – ерекше педагогикалық жүйе

Социология ғылымы отбасын түтас қоғамдық организмнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұжым ретіяде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық салада орын алған өзгерістерді міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Бірақ, ендірістк кәсіптік, саяси ұжымдарға қарағанда отбасына қайта құру тікелей әсер ете бермейді. Отбасының моральдық, психологиялық жаңаруы барынша созылмаль, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да отбасывда жаңа қатынастар, жаңа моральдық орнығуы экономикалык салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені, отбасындағы қайта құруларға негізгі әлеуметтік, экономикалык факторлар мен бірге биологиялық, психологиялық және демография-лық факторлар да қатысады. Отбасын "болжамдаудың" қиындығы осындай себептерге байланысты.
Отбасылық өмір байланыстарын жан-жақтылығымен сипатталады. Олар - әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық-экономикалық, адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңцері зның бір қызметінің жойылып, екінші қызметінің қалыптасуымен және отбасы мүшелерінің әлеуметтік қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Отбасы қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
өндірістік — шаруашылық кызметі;


отбасының жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Отбасының адамга қатысты қызметі мыналар;
Жұбайлық қызметі. Жұбайлар ең жақын адамдар.
Ата-аналық қызметі- отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді;
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі. Отбасы тұрмысы психологиялық түрғыдан алғавда ең жайлы тұрмыс болып есептеледі.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігі мен байланыстарын ескере отырып, қазіргі отбасы дамуының бағыттары мен бірқатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу жөне ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іскс асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалык отбасы дамуындағы ерекшелік олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан бұндай әлеуметгік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі болады. Ал қалаларда, әсіресе үлкен қалаларда бұндай бақылауға мүлде орын жоқ.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне білімі төмен аталар мен әжелерге жүктеледі. Кейде бір отбасында ата мен әженің және жас ата-аналардың тәрбие жүйесі қақгығысып қалады. Отбасы тәрбиесіне ден қойған мұғалім бұл жағдайды естен шығармауы тиіс.
Қоғамда жүріп жатқан түрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жа*дайы әртүрлі ата-аналардың қарым-қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50% жүмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көрсоқырлық тойынғандық (щамадан тыс еркелету, коңілін жықпау, мейманасы тасығандық) жағдайда алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге, өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, немкетгі қатынас. Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасынан торығупшлағ, қавдыбастар, "қызыкты" әсерді іздеушілер өсіпшығады.
Қазіргі кезде отбасының "уақталу" процесі жүруде. Ол дегеніміз — жас ата-аналардан түратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қалыптастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегенмен жас отбасьінда алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, оларды шешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің кемуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының срекшелігін қүрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан жэне өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығы; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмсу; бала тәрбиесіне шығынның көп жүмсалуы; әйел-ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз түрғын үйі; тұрмыстықжағдайы; ата-аналардың "өзі үшін өмір сүруге" үмтылған тоғышарлық үмтылысы және т.б. Бала туудың азаюы — шағын отбасындағы тәрбие әдісгерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.
Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатгалады. Ажырасудың 90 пайызы тұрмыс қолай-сыздығы мен дайыңдықеыздык^ың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, ейткені кей жағдайда ажырасу баланың лсихикасына теріс әсср стетін үрыс-жанжал, отбасылық кикілжіңнің алдин алады.

  1. Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері.

В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Олай болса, сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс жасауының қажеттілігі төмендегідей жағдайлармен себептеледі:
баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуы;
баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қою;
баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отырып, тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін дұрыс анақтау, оларды жүзеге асыру;
баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыру;
балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыру;
баланы түрлі ортада, әр түрлі жағдайларда жан-жақты жақсы танып білу;
балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыру, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру;
сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыру, т.с.с.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың түрліше формаларын қолдану қажет. Өкінішке орай, көптеген сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналысын өткізумен және оқу үлгерімі төмен немесе тәртібі нашар балалардың ата-аналарын мектепке шақырумен шектеледі. Бұл жағдайда сынып жетекшілері өз оқушыларының үйдегі жағдайларын нашар біледі және ата-аналармен барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамайды.
Ата-аналармен жұмыста жұмыстың ұжымдық және жекелік түрлерін ұштастырып отырған жөн. Ата-аналар жиналысында болған түсіндірме жұмыстарын ата-аналармен үйде және мектепте жеке кездескенде жалғастырып отыру керек. Жеке әңгімелер ұжымдық жұмыстың түрлері мен мазмұнын айқындауға, ата-аналармен өткізілуге тиісті шараларды белгілеуге көмектеседі.
Ата-аналармен жүргізілетін негізгі жұмыс түрлерін қарастырайық.
Оқушының (отбасына) үйіне барып тұру. Бұл – ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Отбасына бару арқылы сынып жетекшісі:
оқушысының тұрмыс жағдайымен танысады;
ата-анамен, отбасының басқа мүшелерімен әңгіме барысында оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұмат алады;
ата-анаға, отбасындағы жасы үлкендерге оқушының үйдегі жұмысын ұйымдастыру, күн тәртібі, тазалық ережелерін сақтау, еңбекке баулу әдістері туралы педагогикалық кеңестер береді.
Оқушының отбасына алғашқы рет, әдетте, оқу жылы басталғанға дейін немесе бірінші тоқсанның бас кезінде барады. Алғашқы барудың мақсаты – оқушының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысу.
Әрбір отбасы өзіндік дәстүрлері, өзара қалыптасқан қатынастары бар күрделі институт. Осының бәрін жақсы біліп, бала тәрбиелеудегі жақсы және осал жақтарын айқындап отыру қажет.
Отбасына алғаш рет барғанда оқушының өзін үйде қалай ұстайтынын, үй шаруасына қатысатынын/қатыспайтынын, өзінің оқу құрал-мүліктерін қалай ұстайтынын, белгіленген режимді орындайтын/орындамайтынын анықтауға болады. Бұл жолы оқушының өзімен де әңгімелесіп, оған үй тапсырмаларын орындау туралы кеңес беріп, сыныптан тыс оқуға кітаптар ұсынған жөн.
Ата-анамен әңгіме нақтылы және мазмұнды болу үшін, ең алдымен, «Жеке оқушыны білуге арналған диагностикалық картадағы» мәліметтерді мұқият зерттеу қажет. Мұнда баланың мінез-құлқындағы, дамуындағы дербес ерекшеліктері көрсетіледі. Демек, ата-анамен баланың үлгерімі туралы ғана емес, оның басқа да қасиеттері мен қабілеттері жөнінде әңгімелесіп, кемшіліктер мен олқылықтар болған жағдайда, оларды жою жолдары туралы нақты психологиялық-педагогикалық кеңестер беруге мүмкіндік жасайды.Сонымен қатар, ата-анамен және отбасының өзге мүшелерімен әңгімелесу арқылы картаны жаңа мәліметтермен толықтыруға болады.

  1. Мұғалім, сынып жетекшісінің оқушы мен ата-аналармен жұмыс істеу формалары

В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім - оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды. Олай болса осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде.
Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр.
Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет