Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеяларының мәні мынада: жалпы мен ерекшенің, тұтастық пен жеке бөліктердің, даму мен тәрбиенің, білім берудің қоғамдық жүйесімен тұтастай жеке тұлғаның табиғи да баяу еркін дамуының, дербес және қоғамдық дамудың бірлігі; тәрбиенің үш құрамдас бөлігі: ғылыми білім алу, адамгершілік тәрбиесі, діни тәрбие; жеке тұлғаның жан-жақты дамуы; адам - табиғаттың перзенті, сондықтан барлық педагогикалық құралдар адамның табиғатына сәйкес болуы қажет. Тәрбиенің «табиғатқа сәйкестігі» принципі дегеніміз адамның рухани өмірінің заңдарын зерттеу мен олармен барлық педагогикалық әсер етулерді үйлестіру; табиғатты, адамды және оның іс-әрекетін басқаратын басты принциптердің бірлігін мойындауы; Білім беру мен оқытудың оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жүруін, жеке пәндердің өмірмен байланысты салыстырмалы әдістермен оқытылуын талап етті;
Ғылыми педагогиканың қалыптасуына Франциядағы Ж.Ж.Руссо (1712-1778), Д.Дидро (1713-1784), К.А.Гельвеций (1715-1771), Англиядағы Джон Локк (1632-1704), Швейцарлық Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег (1790-1866), Германиялық Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) еңбектері орасан зор.

Орыс педагогикасының басында революциялық-демократиялық көзқарас өкілдері В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889) және В.А.Добролюбов (1836-1861) тұрды.
Кеңестік педагогиканың тұтастай да жүйелі қалыптасуына К.Д.Ушинскийдің (1824-1870), Н.К.Крупская (1869-1939), А.В.Луначарский (1875-1933), М.И.Калинин (1875-1946), А.С. Макаренко (1888-1939), В.А.Сухомлинский (1918-1970) еңбектерінің әсері орасан зор.
Қазақстандық педагогиканың қалыптасуына басында тұрған қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаевтар