Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы



Дата31.12.2021
өлшемі13,74 Kb.
#21128
Байланысты:
Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы


Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы



    1. Ерте дәуірдегі педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы мен дамуы

Қандай да ғылым саласының пайда болуы мен дамуы қоғамның өмірлік қажеттіліктерінен туындайды. Педагогика ғылыми пән ретінде қоғамдық құрылыс пен өндірісті сақтап дамытуға, өсіп келе жатқан ұрпақты мақсатты түрде неғұрлым нәтижелі даярлауға деген қоғамның қажеттілігінен туған.

Философиялық ой-пікірлерден бастау алған педагогика тәрбиеге байланысты бірте-бірте жинақталған теориялар мен қағидалар, фактілерді ой елегінен өткізіп, тәрбиенің мәнін, даму заңдылықтарын түсіндірудің басты құралы, әртүрлі педагогикалық құбылыстарды жан-жақты зерттеудің ғылыми және әдістемелік негізіне айналды.



Педагогиканың даму тарихы ғылым саласы ретінде философиямен бір деңгейде дамып келеді. Өйткені, педагогикалық білімдер бастапқы философияның элементтері ретінде қарастырылды. Оның теоретиктері ежелгі дәуірдің ұлы ойшылдары Сократ (469-399 б.з.д.жж.), Платон (427-347 б.з.д.жж), Аристотель (384-322 б.з.д.жж), Демокрит (б.з.д.270 жылдар шамасында өмір сүрген) саналады.

Сократ оқу және тәрбиелеудің алғашқы бірден бір тәсілі – сұрақ-жауап әдісін енгізген. Сократ әдісінің мәні – сұрақтарды бірізділікпен қою барысында, оқушының оларға жауап беруінде белгілі бір шындыққа қатысты пікірге оның өзінің қол жеткізуі қарастырылады.

Сократтың бұл әдісін оның талантты шәкірті Платон жетілдірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет