• баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын
және ерік пен сезімге қатысты белсендігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
•математиканы қоршаған болмысты танып білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
•заттық-тәжірибелік, танымдық іс-әрекетін дамыту және
қалыптастыру;
•оқу сабақтарына деген қызығушылықты басқа балалармен
және ересек адамдармен өзара іс-әрекетте жасай білуге үйрену.
Білім алуда ерекше қажеттілігі бар (ақыл-ойы кем) оқушыларды математикаға оқытудың ерекше міндеті – олардың танымдық іс-әрекетімен тұлғалық қасиеттерінің кемшіліктерін жеңу болып саналады.
Арнайы мектепте оқытылатын математика курсының бөлімдері:
- бүгін сандар арифметикасы,
- шамалар,
- арифметикалық есептер,
- бөлшектер арифметикасы,
- көрнекі геометрия элементтері.
Қазіргі уақытта көру қабілеті бұзылған оқушыларды оқыту үшін бүкіл оқу пәндері бойынша, да оқыту жоспары мен бағдарламаларының түрлері ұсынылады. Математиканың жүйелі курсы 1-ші сыныптан бастап 9 сыныпқа дейін оқылады. Оқу жоспарының біреулерінде 1 сыныпта оқуға дайын емес немесе диагнозын дәлдеуге және баланы оқуға жіберетін мақсатқа лайық білім беретін мекеменің түрін анықтауға қажет процедевтикалық-диагностикалық 0-ші сынып ескеріледі. 0-ші сыныпта балаларды математикалық материалды қабылдау мен саналы түсінуге дайындайтын, балалардың мектепке дейінгі кезеңдегі даму ақаулақта-рын толықтыратын «математика әліппесі» енгізілген. Әр оқу жоспарларындағы математиканы оқуға арналған сағат саны әртүрлі, сондықтанда сәйкесті бағдарламалардағы математикалық материалдың көлемі де әртүрлі.
Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзете-оқыту) мектептің математика бойынша және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының бағдарламаларын салыстырғанда негізгі бөлімдердің атауларында ғана ұқсастық байқалынады. Түзете оқыту мектебіндегі математикалық материалдың көлемінің, мазмұнының және оқу жүйесінің өз ерекшелігі бір. Бұл түзете оқыту мектеп оқушыларының білімдерді меңгеру, есіне сақтау және қолдану ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
1. Көру қабілеті бұзылған оқушылар жаңа білімдерді көп күш салып және уақыт кетіріп, баяу, көптеген қиындықтармен меңгереді, сондықтан-да әр сыныптың бағдарламалық материалы бірталай шамалы көлемде беріледі.Мысалы, 1-ші сыныпта оқушалар пропедевтикалық кезеңнен кейін тек 1-ден бастап 5 санын ӛтеді және 5 көлеміндегі қосу және азайтуға үйренеді; құны, ұзындығы өлшемдерімен танысу 1 сыныптан басталады да 8-9 сыныптарда аяқталады, үлестер мен жай бөлшектерді оқу 4 сыныптан басталып 8-9 сыныптарды аяқталады.
Арнайы мектептің негізгі міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі және эмоциядық-ерік аясындағы кемшіліктерді мүмкіндігінше жеңу, оларды кәсіби еңбекке даярлау, заманауи қоғам жағдайына әлеуметтік бейімдеу. Арнайы мектеп оқушыларын математикаға оқытудың міндеттерін анықтау барысында аталмыш міндеттерді негізге алу қажет. Математика – арнайы мектептегі негізгі жалпы білім беретін міндеттердің бірі. Арнайы мектептегі математикаға оқытудың жалпы білім беретін міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылармен, күнделікті өмірде және болашақ мамандығына қажетті, мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды игеруіне жету болып саналады. Осыған сәйкес математиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді: аталмыш пәннің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетіне, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай ақ әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық байланысты жалпы 10 адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру; оқушының ақыл-ой және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту; меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жанжақты дайындауды жүзеге асыру. Осы мақсаттарға сәйкес математиканы оқытудың мынадай жалпы міндеттері айқындалады: баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын және ерік пен сезімге қатысты белсендігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; математиканы қоршаған болмысты танып білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету; заттық-тәжірибелік, танымдық іс-әрекетін дамыту және қалыптастыру; оқу сабақтарына деген қызығушылықты басқа балалармен және ересек адамдармен өзара іс-әрекетте жасай білуге үйрену. Арнайы мектепте математикаға оқыту кезеңінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар келесі білім, білік және дағдыларды игеруді қажет: - натурал сан, нөл , натурал сандар қатарлары мен олардың негізігі қасиеттері туралы, жай және ондық бөлшектер туралы ұғымдарды; - негізігі шамалар туралы (кесіндінің ұзындығы, заттар массасы, бағасы, денелердің кӛлемі мен сыйымдылығы, уақыт, фигуралар ауданы), шамаларды өлшеу бірліктері және олардың арасалмақтығы тураалы түсініктерді; - метрлік өлшем жүйесін, уақыт өлшемдерін білу және оларды тәжірибе жүзінде қолдануды; - қарапайым өлшемдерді жасау дағдыларын, құрал-саймандарды қолдана білу іскерлігін (сызғыш, сағат, таразы, өлшем ыдыстары және т.б); - бүтін (көптаңбалы) және бөлшек сандармен негізі төрт арифметикалық амалдарды орындай білуді; - жай (қарапайым) және құрама (бірнеше) амалды арифметикалық есептерді шешу іскерлігі; -жазықтық және кӛлемді геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың қасиеттерін білу және оларды сызба құралдары (сызғыш , циркуль, үшбұрышты сызғыш, транспортир) арқылы салу. Арнайы мектеп оқушыларын математикаға оқыту барысында қажетті материалды игеру механикалық жаттау және жатттығу сипатында болмауы керектігін ескеру қажет. Оқушылар алынған білімдері саналы түсінулері керек. Затты көрнекі негізде түсінікті математикалық 11 ұғымдардың қалыптасуына ауысу қажет, оқушыларды жалпылауға үйретіп, оның негізінде практикалық жұмыстарды орындауға жетекшілік ету қажет. Арнайы мектеп оқушылары кейбір теориялық білімдерді игеруі қажет,олардың негізінде практикалық біліктері саналы қалыптаса түседі. Алдымен, бұл сандарды натуралды қатарының қасиеттерін, ондық жүйесіндегі есептеуді зандылықтарын, арифметикалық амалдар қасиеттерін, олардың арасындағы байланыстарын, қатынастарын, тәуелділігін меңгеруге қатысты. Математикаға оқыту барысында алынған білімдерді түрлі өзгерістегі жағдайларда қолдану міндеті қойылады. Аталмыш міндетті шешу көру қабілеті бұзылған оқушыларға тән ойлаудың артта қалғандығын, білімдерді біріңғай жаттанды түрде қолдануын жеңуге мүмкіндік береді. Осы міндетті шешу сәттілігі көбіне оқытудың әдістері мен тәсілдерінің таңдалуына, олардың мақсатқа сай ұштасуына және оқу үрдісінде дұрыс қолданылуына тәуелді. Егерде мұғалім оқушыларды бір түрдегі есептерді шешуге үйретуге берсе, бір түрдегі ойды тұжырымдап айта берсе немесе бір түрдегі сұрақтарды қолдана берсе, онда бұл көзге көрінген алдамшы білімге әкеледі. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар (ақыл-ойы кем) оқушыларды математикаға оқытудың ерекше міндеті – олардың танымдық іс-әрекеті мен тұлғалық қасиеттерінің кемшіліктерін жеңу болып саналады. Арнайы мектептегі математикаға оқытудың тәжірбиелік бағыттылығы шеберханалардағы еңбек сабағында, мектеп жанындағы участкілерде, өндірістік және ауылшаруашылық мекемелерінде пайда болатын есептерді шешуге теориялық бөлімдерін, есеп шығару, өлшеу іскерліктері мен дағдыларын қолданудан тұрады.