б)Баланың тұлғалық тұрғыдағы әлеуметтік факторлары
Мектеп жасына дейінгі бала дамуынында әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырадьь Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мем іскерліктердің болмауыңың ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады. Сонда әлеуметтану тұлғаның қалыптасу процесі, қоғам талаптарының біртіндеп игерілуі, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейтін сана мен мінез-құлықтың әлеуметтік маңызды сипаттамаларына ие болу. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі өмірінің алғашқы жылдарынан басталып, адамның азаматтық кемелдену кезеңімен аяқталады, дегенмен, әрине, ол алған өкілеттіктер, құқықтар мен міндеттер әлеуметтену процесі толығымен аяқталды дегенді білдірмейді: кейбір аспектілерде ол өмір бойы жалғасады. Ата-ананың педагогикалық мәдениетін арттыру, адамның азаматтық борышын өтеу, тұлға аралық қарым-қатынас ережелерін сақтау туралы айтып отырғанымыз осы мағынада. Әйтпесе, әлеуметтену дегеніміз - адамның қоғам белгілеген мінез-құлық ережелері мен нормаларын үнемі білу, бекіту және шығармашылықпен игеру процесі.
Адам санасына да, мінез-құлқына да негіз қалайтын алғашқы элементар ақпаратты отбасында алады. Әлеуметтануда отбасының әлеуметтік институт ретіндегі құндылығы ұзақ уақыт бойы жеткілікті түрде ескерілмей келгеніне назар аударылады. Оның үстіне кеңестік тарихтың белгілі бір кезеңдерінде олар болашақ азаматты тәрбиелеу жауапкершілігін отбасынан алып тастауға, оны мектепке, еңбек ұжымына, қоғамдық ұйымдарға аударуға тырысты. Отбасының рөлін төмендету, негізінен, моральдық сипаттағы үлкен шығындарға әкелді, кейінірек олар еңбек және қоғамдық-саяси өмірде үлкен шығындарға айналды .
Мектеп тұлғаны әлеуметтендіру эстафетасын алады. Олар есейіп, азаматтық борышын өтеуге дайындалған сайын жас жеткіншектің алған білім қоры да күрделене түседі. Дегенмен, олардың барлығы бірізділік пен толықтық сипатқа ие бола бермейді. Сонымен, бала балалық шағында Отан туралы алғашқы түсініктерді алады, жалпы алғанда, өзі өмір сүріп жатқан қоғам туралы, өмірді құру принциптері туралы өзіндік көзқарасы қалыптаса бастайды.
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің қуатты құралы – бұқаралық ақпарат құралдары – баспа, радио, теледидар. Олар қоғамдық пікірді қарқынды өңдеуді, оны қалыптастыруды жүзеге асырады. Бұл ретте сындарлы және деструктивті міндеттерді жүзеге асыру бірдей мүмкін.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі органикалық түрде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін беруді қамтиды, сондықтан дәстүрлердің сабақтастығы, сақталуы және сіңірілуі адамдардың күнделікті өмірінен ажырағысыз. Олар арқылы жаңа ұрпақтар қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани мәселелерін шешуге қатысады.
Сонымен, жеке тұлғаның әлеуметтенуі, шын мәнінде, қоғамдық өмірдің барлық салаларында бар сол азаматтық қатынастарды адамның иеленуінің ерекше нысаны болып табылады.
III.Қорытынды
Қорыта айтқанда, балалар психикасы мен іс — әрекет арасындағы байланыс, яғни оқу іс-әрекетінің процесі бірқатар жалпы заңдылықтарға бағынады. Алдымен оқытушы балаларды оқу ситуацияларына жүйелі түрде тартып, балалармен бірге тиісті оқу әрекеттерін, сондай-ақ тексеру мен бағалау әрекеттерін тауып, көрсетіп отыруы керек. Оқушылар да, өз кезегінде, оқу ситуацияларының мәнін тусінуі және барлық әрекеттерді дәйекті түрде орындап отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, зандылықтардың бірі мынада: бастауыш клас-тардағы бүкіл оқыту процесі алғашында балаларды оқу іс-әрекетінің басты бөліктерімен кең түрде таныстыру негізінде құрылады және балалар оларды белсенді түрде іске асыруға тартылады. Балаларды оқу материалдарына бұлай кең турде «шұбалаңқы» енгізу кейде мұғалімдерге артық болып көрінуі мүмкін. Дұрысында, бұл олай емес. Оқу ситуациясының алғы шартын және оның ролін егжей-тегжейлі ашу (нақтылы-практикалық міндеттерді шешудегі қиындықтар, оларды талдау-дың жалпы тәсілін іздестіру қажеттігі) балалардың танымдық белсенділігінің, олардың оқуға деген ынтасының дамуының елеулі шарттарының бірі болып қызмет етеді. Балаларға оқу іс-әрекетінің белгілі бір жүйелілігін егжей-тегжейлі және асықпай көрсету, олардың арасынан заттың, сыртқы тілдік немесе ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде заттық әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындыланып, қысқартылып және игеріліп ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды. Егер тапсырманы орындауда оқушылар бәрібір қате жіберсе, онда ол не оларға көрсетілген оқу әрекеттерін бақылау мен бағалаудың толық еместігінің, не осы әрекеттердің нашар жур-гізілгендігінің дәлелі. Сонымен, бастауыш мектеп шағының өн бойында балалар-дың оқуға көзқарасының белгілі бір динамикасы байқалады. Ақыр соңында балалар оқу іс-әрекетінің ішкі мазмұнына қызыға отырып, нақтылы-практикалық есептер-ді оқу-теориялық есептерге өздіктерінен айналдыра бастайды. Оның қалыптасуын заңдылықтармен зерттеу-қазіргі заманғы балалар және педагогика психологиясының бірінші кезекті және сонымен бірге қиын проблемаларының бірі болып табылады.
Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Меселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлүмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезеңде, ұрынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде, бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысына түсінеді. Мәселен, «от жақса түтін шығады» дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп аталынады.
Оқу — іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті — оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жұйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру — ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Алдамұратов Ә. Қызықты психология.А, «Қазақ университеті»,1992.
2.Мухина В. «Детская психология» М. 1976г.
3.Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы,1980.
4.Обухова «Этап развития» детского мышленеия М.1996г.
5.Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы,1964.
6.Эльхоин Детская психология М. 1979г.
7.Сәбит Балтаұлы Бап –Баба «Жантану негіздері» Алматы,2001.
8.Птровский А.В. «Педогогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы,1987.
9. https://stud.kz/psichologyogchildrin/show/42682
10. https://www.pshy911.ru/Ekologiya/negzg-blm/171982.html
Достарыңызбен бөлісу: |