Педагогика және психология



Дата21.10.2022
өлшемі17,4 Kb.
#44775

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және психология

Жобалаудың негізгі қарастырылатын контекстері мен оларды синтездеу үлгілерін сипаттаңыз



Орындаған студент: Әлтаева М
Тексерген: Жакупова А
Даму барысында жобалау басқару қызметі контекстіне де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым контекстіне және инновациялардың мәдени түрі ретіндегі контексте қарастырылады. Осы аталған үш контекст өз сипаттамаларына сай ортақ негізге ие бола тұра, теорияда да, тәжірибеде де бір-бірінен бөлек талданып келеді. Қазіргі замандағы қоғам мен әлеуметтік құрылымдар реформаларының, соның ішінде білім беруді жаңартуға қатысты өзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты берілген контекстерін синтездеу арқылы жобалауды негіздеуге болатыны айқындалады. Бұл жобалау қызметін басқарудағы инновациялардың мәдени түрі ретінде де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым ретінде даму жолдарын айқындаудағы негізгі әдістер мен технологиялар ретінде де, басқарудың негізгі процедурасы ретінде де қарастыруға мүмкіндік береді. Аталған синтезді жүйелі ой-әрекеттері теориясының әрекетті өзгерту және мәдениет тудыру схемасына сүйене отырып көрсетуге болады. Осы схема бойынша өзгерістердің түрлі әлеуметтік-мәдени ситуацияларда пайда болатын қайшылықтарын жаңа инновациялық қызмет ендіру арқылы реттеуге болатыны дәлелденген, бұл инновациялық қызмет жобалау болып табылады.
Сурет қоғам ұйымдастырылуының бірнеше қабаттарға бөліну принциптерін көрсетеді және олар екі үрдістің – көтерілу және орындалу, немесе жүзеге асырылу – жүруі мүмкін екенін білдіреді. Бірінші үрдіс әлеуметтік қабаттан мәденилікке, одан әрі идеалдыққа өтуді білдірсе, екіншісі, идеалдық, яғни идея ретіндегі болмыстың мәдени және әлеуметтік түрлерін ұйымдастыру арқылы бойына ала отырып менталитетте, салт пен дәстүрлерде бекітілуі болып табылады. Н.Г.Алексеев атап көрсеткен білім берудегі инновациялық қозғалыстарды мәденилендіру жолдары осы көтерілу үрдісіне де, жүзеге асырылу үрдісіне де сәйкес келеді дей аламыз. Өйткені, жобалау қызметі үздік үлгілерін іріктеп алу көтерілу үрдісіне, ал жобалауды технологиялық құрастыру мен теориялық зерделеу жүзеге асырылу үрдісіне тән құбылыстар. Жобалаудың жоғарыда аталған үш аспектісінің синтезі осы екі үрдісті де қамтиды. Мысалы, білім беру ұйымын басқарудың мәдени – инновациялық сипатын алатын болсақ, оның технологиялық циклы білім берудегі тәжірибені қайта жаңғыртуға деген әлеуметтік сұраныс қабылдаудан басталып, инновациялық жобалау арықылы жүзеге асырылады. Тәжірибелік – бағытталған ғылыми контекстегі жобалау педагог – практиктердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге қажеттіктерінен пайда болады, яғни ол да әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабатынан шығады. Осы екі жағдайда да болашақтағы инновациялық қайта құрулардың мәдени түрі ретінде жобалау қызметі алынады. Бұл контекстердің негізгі айырмашылығы идеалдық құрылым қабатында дей аламыз, өйткені, осы жерде ғана жобаланып отырған нысан өзінің басымдық тұрпатына сай идеалдық құрылымына ие болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет