Педагогика кафедрасы


Тақырып-2. Қазіргі оқыту технологиялары туралы жалпы түсінік және олардың мақсаты мен мазмұны



бет26/46
Дата31.12.2021
өлшемі323,5 Kb.
#21910
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Байланысты:
«казіргі мектепте интерактивті окыту ?дістері»

Тақырып-2. Қазіргі оқыту технологиялары туралы жалпы түсінік және олардың мақсаты мен мазмұны.

Қазіргі оқыту технологиялары туралы жалпы түсінік

Қазіргі оқыту технологияларының мақсаты мен мазмұны

Қазргі оқыту технологияларының түрлері


Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғаюы, мектептегі білім беру мазмұнын және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта құрылуының бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда кез-келген оқу орындарында оқу үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы және т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг және т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен білім алушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үдерістерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл үрдісті оқыту үдерісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.

Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдерінің даярлығын жоғары оқу орнының қабырғасында жетілдіру оқу үдерісін жобалау арқылы іске асырылады. Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығын қамтамасыз ететін барлық оқу пәндері үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, оқытудың жаңа технологияларын жасауды көздейді.

Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы-ның даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен байланысты.

Жаңа парадигманың маңызды компоненті – тұлғаның өзіндік даму тұжырымдамасы болып табылады. Өзіндік даму – бұл ішкі және сыртқы әлеммен байланысу қабілетін қалпына келтіру. Тұлғаның әртүрлі саладағы икемділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік талдау, өзіндік баға беру қабілеттеріне байланысты, мұның өзі әрбір студентке ерекше қатынас керек екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік жасау қажеттігін дәлелдейді. Сондықтан біздің зерттеуіміз болашақ мамандарды дәстүрлі формада даярлаумен қатар жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.

Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, студенттерді тұлғалы-бағдарлы оқытуды модельдеу білім беру жүйесінің үш функциясын көрсетеді:

- орнын толтыру, яғни тұлғаның базалық біліміндегі ақтаңдақтарды жою;

- бейімдеу, яғни пәндік және функциональдық жағынан неғұрлым жаңа білім, талаптар ұсыну;

- дамыту, яғни тұлғаның шығармашылық тұғыдан өсуіне ықпал ету және оның әр түрлі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Кәсіби тұлғаны дайындау үшін нағыз педагогикалық, білімді-педагогикалық бір бүтін болу керек және педагогикалық квадраттың барлық мазмұнына ие болу қажет. Яғни, білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту болып саналады. Бұл тек қана білім беру мекемесінің талабына тиісті емес, сонымен қатар әрбір оқу тобының, циклының, факультеттің, кафедраның, оқытушыны, студенттің, тыңдаушының іс-әрекетіне қатысты.

Жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесі психологиялық-педагогикалық талаптарды ұстанған жағдайда болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы талапқа сай қалыптасады. Оларға:

1. Білім беру мекемесінің іс-әрекеті толығымен оның басты мақсатына жетуге тәуелді. Ал басты мақсат кәсіби тұлға дайындау, олардың өздерін өмірде қалыптастыра алу қабілетін мәдениетті, демократиялық, гуманды, құқықтық және қарқынды дамушы азаматтық қоғамның құрылу қажеттігіне сәйкес ұйымдастыру. Білім беру мекемесін басқару егер бірбүтін жұмысқа және оның нәтижесіне, нәтижеге жету кепілділігі қамтамасыз етілген болса, ол эффективті болмақ. Керек бағытта жұмыс жасап, студенттерді «керек болады» деген принциппен оқыту маңызды емес, әрбір түлектің барлық педагогикалық және психологиялық құрамдар негізінде қажетті білімділікке қол жеткізу маңызды. Бұл нәрсе бар болғанымен, жалпы практикада қажетті нақтылық және қатаң тәртіппен аз жағдайда жасалады.

2. Білім беру үдерісінің студенттерге тұлға және болашақ маман ретінде бағытталуы. Барлық білім беру мекемесі онда оқитындар үшін болады. Білім беру мекемесінің басты мақсаты- жоғары білімді тұлға мамандарды дайындау. Басты оптималды нәтиже- жоғары білімді тұлға маман. Әрбір педагогикалық жүйе элементінің басшылықтың, оқытушының, студенттің, білім берудегі жаңашыл тәсілдер студенттерді өз ісінің маманы етіп дайындаудағы беретін білімдеріне байланысты болып келеді. Осыған жұмыс істемейтіндердің барлығы аяусыз және жылдам шешіммен шектелуі қажет.

Бұлардың барлығы білім берудің модернизациясында, білім беруде, оқытуды, педагогикалық ықпалдастықта, ортада жүзеге асуы қажет.

3. Кәсіби білімдендіру үдерісінде кәсіби тұлғаны даярлау мақсат қана емес, сонымен бірге процестің тиімділігінің міндетті жағдайы. Білім бағдарламасын меңгеру студенттің тұлға ретінде қандай екендігіне байланысты. Егер адам пассивті, өздігінен оқымайтын болса оны бір нәрсеге үйрету қиын. Жоғары оқу орнының бағдарламасын тек қан егер студент өзін қызығушылығы бар, мәдениетті тұлға және нағыз маман, жауапкершілігі мол, ерікті, талапты тұлға ретінде көрсетсе ғана сәтті меңгеруге болады.

Түсінуге және меңгеруге ұмтылмайтын адамнан артық соқыр және керең болмайды. Егер мұғалім студенттердің тұлғасын қалыптастыруға мән бермесе, онда мұғалімнің әрбір педагогикалық іс-әрекеті нәтижесіз болмақ. Мұның тек қана мақсат емес, сонымен бірге олардың жеке кәсіби педагогикалық сәттілігінің кепілі екенін түсінбесе ол тіпті өзінің оқу ережесін меңгерте алмайды. Ол қаншалықты ғылыми және мамандық біліктілікке не болмаса тұлғаны қалыптастыруға дайын болмаса, студенттерді көп нәрсеге үйрете алмайды. Бұл тұрғыда ол өзінің орнында емес екендігінің белгісі, ал оны қалап, бірақ жасай алмаса- бұл кәсібисіздік, студенттермен 5 жыл бойы әр күні 6-8 сағатта жұмыс жасайтын педагогикалық ұжымның мүмкіндіктері, тұлға маман қалыптастыру мақсатына жетуде жоғары потенциалды қамтиды және ол бүтіндей ұйымдастырылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет