Педагогикалық жағдаят №126
Мұғалім сабақ түсіндіріп жатқанда бір оқушының ұялы телефоны шырылдады. Ол мұғалімнен рұқсат сұрап класстан шығып кетті. Біраздан соң қайта кіріп орнына отырды. Мұғалім барлық балаға ұялы телефондарын сөндіріп қоюларын талап етті. Телефоны шырылдаған балаға сабақтың қанша уақытын алатынына, балалардың ойын бөліп жіберетініне тоқталып ренішін білдірді. Жаңа тақырыпты енді түсіндіріп жатқан кезде мұғалімнің өзінің ұялы телефоны шырылдап тоқтамады. Оқушылар мұғалімнің сөзі мен ісінің сәйкестігін күтуде.
Осындай мұғалімнің орнында болсаңыз Сіз не істер едіңіз?
Ұялы телефон арқылы Сізге байланысқа шығып тұрған өте көптен күткен адамыңыз болса не істейсіз?
Оқушылардың ұялы телефондарды қолданулары бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар?
Достарыңызбен бөлісу: |