Педагогикалық жағдаят № 392
Сынып бөлмесінен жүгіріп шыққан 7- сынып оқушысы, сыныпқа кіріп келе жатқан мұғалімді қатты ғағып жібереді. Оқушылар үн - түнсіз. Бала кешірім сұрады.
Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?
Барлық сыныптың алдында баланы сөгу (ұрысу).
Жымиып сыныпқа кіру.
Күнделігіне ескерту жазып, жазалау.
Болған жағдаятты ескермей, сабағын бастау.
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №393
Мұғалім оқушыларға тапсырма береді. Оқушы орындағысы келмей, былай деп хабарлайды: «Мен мұны орындағым келмейді!».
Мұғалімнің әрекеті қандай болады?
1. Сен орындауға міндеттісің!
2. «Сен сонда не үшін оқуға келдің?»
3. «Оқымай - ақ қой, өзіңе жаман болады».
4. «Бұның соңы немен аяқталатынын өзіңе есеп бересің бе?».
5. Неге, себебін түсіндіріп бересің бе, сен?.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |