Педагогикалық жағдаят №418
Сіз сабақ жүргізудесіз, сынып еңбектенуде. Сабақтың дәл ортасына таман бір оқушы кенеттен орнынан тұрып, есікті тарс жауып, сыныптан шығып кетті.
Сіз не істейсіз? Сіздің реакцияңыз?
Мән бермеймін.
Оқушыны қайтарамын да, сынып ережесін есіне саламын.
Дәл қазір мән бермеймін, бірақ кейін шақырып алып, сөйлесемін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №419
Сабақ кезінде соңғы қатардан хат тарайды. Оқушылар үнсіз сол хатты оқып, төбеге қарап, мұғалімнің бар екенін елеместен мәз болып күледі. Мұғалім хатты көріп, оны балалардан алып қояды да, оқиды. Онда «төбеге қара» деген жазу бар екен. Мұғалім жоғары төбеге қарайды, осы кезде бүкіл сынып айқайлап күледі.
Сіз не істейсіз?
1. Сыныппен бірге мен де күлемін.
2. Мән бермеймін.
3. Оқушыларға тәртіп ережесі жайлы ескертемін.
4. Хаттың авторын анықтауға кірісемін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |