Педагогикалық жағдаят №151
Мұғалім оқушыға мәтінді оқуды өтінеді. Бала кекештенеді, тұтығады. Балалар күле бастады. Не істеу керек?
1. Баланы күлкі қылу және оның жауап беруіне мүмкіндік бермеу.
2. Егер алғашқы сөз осындай қиындықтар туғызса, онда мұғалімнің бұған зейін аудармай, өзінің оқығаны дұрыс.
3. Оқушыны жұбату, сонда жақсы оқыи бастайды.
4. Өз жауаптарыңыздың нұсқасы...
Жауапты негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №152
Сабақта соңғы қатардан хат беріледі. Оқушылар оны үнсіз оқып, төбеге қарап, мырс-мырс күледі. Мұғалім хатты көріп, оны алып қояды, ашады және «төбеге қара» деген хабарламаны көреді. Ол да төбе қарайды, осы уақытта сынып жаппай күледі.
Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |