Педагогика мектебі



Дата07.01.2022
өлшемі34 Kb.
#19537
Байланысты:
Қазақстан Республикасы




АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА МЕКТЕБІ
Факультеттен көшірме
Хаттама № 9
30.05.2020 ж.


Қатысқандар:

  1. Факудьтет деканы және Педагогика мектебінің оқытушылары.

Тыңдалды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17657 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына 5-қосымша 6-тармағына сәйкес. Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы.

Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында жоғары оқу орны еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG-исиджи) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін құрады, ол мыналарды қамтиды:

      1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;

      2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту;

      3) студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;

     4)білім алушыларды қабылдау, олардың үлгерімі, тану және сертификаттау;

      5) оқытушылар құрамы;

      6) оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі;

      7) ақпаратты басқару;

      8) жұртшылықты хабардар ету;

      9) тұрақты мониторинг және бағдарламаларды мерзімді бағалау;

      10) сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз ету.

      Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖОО факультетінің (мектептің) базасында білім беру бағдарламаларының мазмұны және оларды іске асыру жағдайы бойынша, бағалау саясаты және факультеттің (мектептің) өзге де академиялық мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын, білім беру бағдарламалары және (немесе) пәндер/модульдер сапасының сәйкес келуіне, академиялық адалдықты бұзу фактілерінің болуына білім алушылар арасында сауалнама ұйымдастыратын Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылады.

      Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның құрамына оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және ЖОО-ның басқа академиялық қызметкерлері кіреді. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысына ЖОО-ның әкімшілік-басқару қызметкерлерінің өкілдері қатысады.

Осының негізінде факультетімізде комиссия мүшелерін құру туралы

ӨКІМ ЕТЕМІН.
Комиссия мүшелері:

Педагогика мектебінің деканы _____________ Шынгысбаев Б.М.

п.ғ.м., аға оқытушы ______________ Карибаев Ж.А.

п.ғ.м., оқытушы ______________ Даулетова Ж.Е.

п.ғ.м.,аға оқытушы ______________Кошербаева Ш.С.

б.магистрі, аға оқытушы ______________Қалбергенова Ш.



х.ғ.м.,оқытушы ______________Махамадұлы С.

Хатшы ______________________________________Кожамкулова Н.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет