Педагогика пәні бойынша 1-аралық бақылау сұрақтары Теориялық сұрақтар



бет2/2
Дата16.12.2023
өлшемі29,44 Kb.
#140286
1   2
Байланысты:
1 бақылау сұрақтары Педагогика df4fac3efc7dc7bf27efb87ed0fa3ba9

Типтік сұрақтар

1 Педагогиканың ғылыми ретіндегі мәні неден байқалатынын ашып көрсетіңіз. Бұл проблемаға К.Д.Ушинский қандай анықтама бергеніне тоқталайық.

2 Педагогиканың дамуына аса маңызды үлес қосқан ұлы педагогтарды өмір сүрген кезеңдері, зерттеу бағыттары бойынша топтастырып, кестеге түсіріңіз.

3 Педагогиканың эмпирикалық әдістерін топтастырып, әрбіріне түсініктеме беріңіз. Тәжірибелі-эксперимент барысында атқаратын рөліне тоқталыңыз.

4 Педагоигка мен педагогика тарихының өзара байланысына сипаттама беріңіз. Болашақ мұғалімдер үшін олардың маңызын негіздеңіз.

5 Ұлы ғұлама Конфуций өз шәкірттеріне: «Адамды ұлылыққа жеткізетін шындық емес, керісінше, шындықты ұлылық дәрежеге жеткізетін адам», екенін ескертуден жалықпаған. Өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.

6 Спарталық тәрбие жүйесі мен Афиндық тәрбие жүйесіне салыстырмалы түрде мазмұндық сипаттама беріңіз, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Платонның осы екі жүйені таңдауының себебіне тоқталыңыз.

7 Аристотельдің «Платон менің досым, алайда ақиқат қымбат» деген сөзінің мәнін нақты мысалдар келтіре отырып әңгімелеңіз. Өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.

8 Ежелгі Рим педагогі Марк Фабий Квинтилиан «Білімнің шыңы – шешендік өнерді (ораторлық өнер) меңгеру» деп есептейді және осындай жоғары нәтижеге оқыту жүйесінің көмегімен жетуге болады деп ескертеді. Өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.

9 Москва университетіне мазмұндық сипаттама беріңіз. Батыс Европа университеттерінен оның ерекшелігі неде екендігін негіздеңіз. Университет факультеттерінің құрылымы мен жұмыс бағыттарына түсінік беріңіз.

10 К.Д.Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің қызыл өзегі болып табылатын тәрбиедегі халықтық принципке тоқт алыңыз. Тәрбиедегі халықт ық принципке Ушинскийдің берген түсініктерін жүйелеңіз.

11 ХХғ. Бірінші жартысындағы эксперименталдық педагогиканың өкілі Август Лайдың концепциясына мазмұндық сипаттама беріңіз. Ұсынған жаңалықтарын саралап негіздеңіз. Август Лайдың тәрбиенің нәтижесі психологиялық-биологиялық факторға байланысты деген ой-тұжырымына сіздің көзқарасыңыз қандай? Негніздеңіз.

12 Германияның бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінің өзіндік ерекшелігіне тоқталыңыз. Олардың білім беру жүйесінің қандай бағытын Қазақстанның білім беру жүйесіне алуға болатынын негіздеңіз.

13 Н.К.Крупскаяның педагогикалық идеяларын бір жүйеге келтіріңіз. Бүгінгі күні өзектілігін жоғалтпаған идеяларын саралап таблицаға түсіріп, мазмұндық сипаттама беріңіз.

14 А.С.Макаренконың «Мұнара үстіндегі ту» еңбегінде көрініс алған аса құнды идеяларын жүйелеңіз және соның ішінде бүгінгі мектеп тәжірибесіне ұсынуға болатын идеяларды саралаңыз, негіздеңіз

15 Совет мектебі мен педагогикасының дамуына үлес қосқан Ресей педагогтарының педагогикалық идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз. Жаңашыл педагогтардың олардың идеясына деген көзқарасын негіздеңіз.

16 Ресейдің бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарына сипаттама беріңіз. Қазақстанның білім беру жүйесінен қандай айырмашылығы бар екенін салыстырмалы түрде мазмұндаңыз.

17 «Балаға жүрек жылуы» атты кітаптың негізінде В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық тұжырымдамасына саралап көрсетіңіз. Кітапта көрініс алған тұжырымдамалық идеялардың қайсысын бүгінгі мектеп практикасында негізге алынып жүргеніне тоқталыңыз.

18 Ғалымдардың «халық педагогикасы», «этнопедагогика» ұғымдарына берген анықтамаларын жинақтап топтастырыңыз, мазмұндық сипаттама беріңіз.

19 Бүгінгі Қазақстандағы діни медреселердің білім беру жүйесіне тоқталыңыз, мақсат, міндеттерінен түсінік беріңіз.

20 «Қорқыт ата кітабындағы» құнды педагогикалық идеяларды тәрбие бағыттары бойынша жүйелеңіз және бүгінгі тәрбиедегі мүмкіндіктеріне тоқталыңыз.

21 Әл Фарабидің: «Адам ғылымның қай саласын жете меңгерсе, сол сала бойынша үлкен беделге ие болады. Беделді адамның пікірі ешбір даусыз қолма-қол қабылданады, орынсыз дәлелдеуді қажет етпейді. Мұндай беделге адам жылдар бойы жинаған тәжірибесінің арқасында ұлғая келе жетеді және ілгерідегі ой-қорытындыларымен нығая түседі» деген сөзіне сіздің көзқарасыңыз қандай? Бүгінгі өмірден мысалдар келтіре отырып өз көзқарас-пікіріңізді негіздеңіз.

22 Ж.Баласағұнның «Құтты білік» кітабында «ғылым», «білім», білімнің тұлғаны дамытудағы рөлі туралы айтқан пікірлерін жүйелеп әңгімелеңіз. Олардың педагогикалық мүмкіндігін деректі материалдарды тірек ете отырып негіздеңіз.

23 Жүсіп Баласағұнның:
«Білімді-аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз-көп, ақылдыны таптаған.
Ақылсыздар білім сырын қайнатар
Білімсіздер халықты кеп жайратар» – деген өлең жолдарына түсінік беріңіз. Мұндай көрініс бүгінгі таңда бар болатын болса, деректі материалдарды пайдалана отырып мазмұндаңыз.

24 Асанқайғының нақыл сөздері мен философиялық толғауларының тәрбиелік мәнін бүгінгі ағарту ісінің талаптарына сүйене отырып мазмұндаңыз.

25 Шалкиіз жыраудың: «Жаманнан туған жақсы бар,
Адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда
Бір аяқ асқа алғысыз,» – деген өлең жолдарының мән-мағынасына тоқталыңыз. «Жаман адам», «жақсы адам» ұғымдарына түсінік беріңіз. Жырау толғауларының бүгінгі таңда өзінің көкекестілігін жоғалтпағанын деректі материалдарды негізге ала отырып әңгімелеңіз.

26 Бұқар жырау толғауларының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтаңыз. «Бұқар жырау толғаулары және патриоттық тәрбие» тақырыбына диспут жоспарын құрыңыз.

27 “Қазақ ағартушылары – ұлттық тәрбие туралы” тақырыбы бойынша дөңгелек стөл бағдарламасын даярлаңыз.

28 Алтынсариннің “Шариатыл ислам” еңбегінің негізгі бағытына өзіндік ерекшеліктеріне, мазмұндық түсінік беріңіз, бүгінгі күннің талабына қарай, оның тәрбиелік мүмкіндігіне тоқталыңыз. 29 Оны оқу процесіне ендіруге байланысты пікіріңізді негіздеңіз.

30 “Абайдың махаббат лирикасы” тақырыбын бойынша диспут өткізу үшін бағдарлама сұрақтарын даярлап, жоспар құрыңыз.

31 Герольд Белгердің “Үндестік” атты кітапшасында Абайдың “Қараңғы түнде тау қалғып” өлеңінің Гете мен Лермонтовтың шығармаларымен үндестігі туралы айтылады. Шығармаларының атын анықтаңыз, салыстырмалы түрде мазмұндаңыз.

32 Қазақстандағы білім беруді модернизациялаудың алғашқы кезеңінде (1991-1999) жоғары оқу орындарында болған өзгерістерден түсінік беріңіз.

33 Білім беру жүйесін модернизациялау мен дамытудың басты бағыттарына (2011-2020) тоқталыңыз. Әрбір бағыттың мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.

34 «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін атаңыз және олардың бүгінгі таңда қалай жүзеге асырылып жатқанынан түсінік беріңіз.

35 Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім беру тұжырымдамасының негізгі бағыттарынан түсінік беріңіз, өзіндік ерекшеліктерін саралап көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет