«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары 1 Нұсқа


«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары



бет6/17
Дата26.02.2022
өлшемі78,61 Kb.
#26459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Педагогика толық жауабымен

«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары

6 Нұсқа
1. Мұғалімнің мәселені қоюы және өзінің оны шешудің жолдарын көрсетуі:

A) Мәселелік мазмұндау.

B) Репродуктивтік.

C) Зерттеушілік әдістері.

D) Түсіндірмелі-иллюстративтік.

E) Ізденіс түрлері.

2. Білім беру мазмұнын анықтау қандай сұраққа жауап береді:

А) Қалай оқыту.

В) Кімді оқыту.

С) Нені оқыту.

D) Неге оқыту.

Е) Қашан оқыту.

3. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және іске асыру әдісіне жатпайды:

A) Әңгіме.

B) Түсіндіру.

C) Дискуссия.

D) Иллюстрация.

E) Демонстрация.

4. Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдісі:

A) Демонстрация.

B) Зерттеу әдісі.

C) Танымдық ойындар.

D) Түсіндіру.

E) Иллюстрация.

5. Білім беру мазмұнын анықтаудың дидактикалық материализм теориясы бойынша білім беру мақсаты:

A) Тұлғаны дамыту.

B) Оқушылардың ойлауын дамыту.

C) Оқушылардың қиялын дамыту.

D) Іс-әрекет әдістерін қалыптастыру.

E) Оқушыларға әртүрлі ғылымдардан неғұрлым көп білім беру.

6. Жоғары сыныптарда қолданылатын күрделі, көлемді оқу материалын монологтік баяндау:

A) Дәріс.

B) Түсіндіру.

C) Әңгіме.

D) Әңгіме-кеңес.

E) Оқу дискуссиясы.

7. Рецензия жазу:

A) Оқығанның қысқаша мазмұнын жазу.

B) Оқыған әдебиеттегі негізгі ойларды жазу.

C) Оқығаннан дәлме-дәл үзінді.

D) Оқығанға өз ойын білдіріп қысқа пікір жазу.

E) Конспектілеу.

8. Оқу материалын ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы игертуге бағытталған оқытудың диалогтік әдісі:

A) Жаттығу.

B) Практикалық жұмыс.

C) Дидактикалық ойын.

D) Әнгіме-кеңес.

E) Түсіндіру.

9. Сыныптық-сабақтық жүйесінің теориялық негізін жасаған:

A) Я.А.Коменский.

B) К.Д.Ушинский.

C) Дж. Локк.

D) И.Ф.Гербарт.

E) А.Дистервег.

10. Сабақ, семинар:

A) Ұйымдастыру формалары.

B) Педагогикалық жүйе.

C) Оқыту әдістері.

D) Оқыту құралдары.

E) Дидактиаклық жүйе.

11. Ұйымдастыру кезеңі, өткен бөлімдер бойынша тапсырмалар жүйесін орындау, қортынды жасау:

A) Аралас сабақ.

B) Білімді және іскерлікті бекіту сабағы.

C) Жаңа білім қалыптастыру сабағы.

D) Жүйелеу және қорыту.

E) Жаңа іскерлікті қалыптастыру сабағы.

12. Оқыту әдісі:

A) Оқушылардың танымдық іс-әрекетіне басшылық жасау амалдары.

B) Оқушыларда іскерлік және дағды қалыптастыру үшін мұғалім қолданатын тәсілдер жиынтығы.

C) Білім және дағды қалыптастыру мақсатымен нақты қимылдарды көп рет қайталау.

D) Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыны игеру, олардың дүниетанымын қалыптастыру және қабылеттерін дамыту жолдары.

E) Оқушыларға білім, іскерлік, дағдыны игерту, олардың танымдық қабілеттерін және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған педагог және оқушылардың өзара байланысқан іс-әрекеттері.

13. Түсіндіру:

A) Оқыту материалын мұғалімнің мәнерлі, әсерлі баяндауы.

B) Оқушыларды жаңа білімді игеруге ынталандыру.

C) Теориялық мәнін ашу, фактілерді, құбылыстарды бірізді, дәлелді баяндау.

D) Ғылыми фактілерді баяндау.

E) Оқу материалын индуктивті баяндау әдісі.

14. Мұғалімнің іс-әрекеті - сабақ беру басымды роль атқаратын дидактикалық жүйе:

A) Дәстүрлі.

B) Педоцентрлік.

C) Қазіргі заманғы.

D) Авторитарлық.

E) Демократиялық.

15. Бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шартталған сабақ элементтерінің жиынтығы:

A) Оқыту әдістері.

B) Оқыту тәсілдері.

C) Сабақ құрылымы.

D) Сабақта қолданылатын оқыту құралдары.

E) Дидактикалық міндеттер.

16. Тану, тәжірибе және жаттығулар негізінде мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болу немесе ескілердің өзгеру процесі:

A) Сабақ беру.

B) Оқу.

C) Оқыту.

D) Білім беру.

E) Өзіндік білім алу.

17. Ғылыми фактілерді, түсініктерді, заңдарды, заңдылықтарды түсінуі, есте сақтауы және қайтадан айту:

A) Іскерлік.

B) Білім.

C) Дағды.

D) Тәжірбие.

E) Білім беру.

18. Игерілген білімдер негізінде практикалық және теориялық іс-әрекетті орындауға дайындығы:

A) Білім.

B) Іскерлік.

C) Дағды.

D) Тәжірбие.

E) Білім беру.

19. Материалдық және идеалдық деп жіктелетіндер:

A) Оқыту принциптері.

B) Оқыту әдістері.

C) Оқытуды үйымдастыру формалары.

D) Оқыту құралдары.

E) Тәрбие әдістері.

20. Бағдарламалап оқыту мақсаты:

A) Тәрбие мақсаттарын шешу.

B) Оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау.

C) Оқыту процесін басқаруды жетілдіру.

D) Автоматтандырылған қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ету.

E) Оқушылардың оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алу.

21. Білім беру міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері:

A) Оқыту әдісі.

B) Оқыту құралы.

C) Оқыту тәсілі.

D) Оқыту түрі.

E) Оқытуды ұйымдастыру формасы.

22. Oқытудың екі жақтылық сипаты:

A) Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы.

B) Оқушы мен сыныптың біріге қимылдауы.

C) Сабақ беру мен оқытудың бірлігі.

D) Өзіндік білім алу мен оқытудың бірлігі.

E) Білім беру мен тәрбиенің бірлігі.

23. “Ұлы дидактика” еңбегінің авторы:

A) Л.Н.Толстой.

B) К.Д.Ушинский.

C) А.С.Макаренко.

D) Я.А.Коменский.

E) К.Гельвеции.

24. Дидактикалық принципке жатпайды:

A) Ғылымилық.

B) Теорияның өмірмен, практикамен байланысы.

C) Жүйелілік және бірізділік.

D) Үздіксіздік.

E) Белсенділік және сапалылық.

25. Білім көзі ауызша немесе баспа сөзі болатын оқыту әдістері:

A) Ауызша әдістер.

B) Көрнекілік әдістер.

C) Иллюстрация.

D) Практикалық әдістер.

E) Демонстрация.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет