Педагогика психология институты


Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы



бет6/6
Дата25.12.2023
өлшемі34,95 Kb.
#143232
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагогика психология институты-emirsaba.org

Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы Дене жаттығулары мазмұны жағынан да, формасы жағынан да бір-бірінен ерекшеленеді. Мазмұнға дене жаттығуларына енетін әрекеттерді, сондай-ақ жаттығулардың барысында организмге тарайтын және оның дене тәрбиесімен айналысушыларға тигізетін әсерін анықтайтын процестерді (психикалық, физиологиялық, биохимиялық, биомеханикалық т.б.) жатқызады. Дене жаттығуларын орындау (еркін қозғалыстарды) қимыл-қозғалыстардың қандай болатындығын шамалаумен, көңіл аударумен, ойланумен, ерік күштерімен, эмоциямен, тағы басқа да психикалық процестермен байланысты. Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде организмнің жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және басқа жүйелерінің жұмысында әртүрлі өзгерістер болады. Осындай ілгерілеушіліктер организмінің қызмет ету мүмкіндіктерін тиісті дәрежеде өзгертеді және массаның ұлғаюы мен органдар құрылымының дамуына алып келеді. Дене жаттығулары мазмұнын педагогикалық көзқарас тұрғысынан қарай отырып, олардың білім беру-тәрбиелеу міндеттерін іске асыру үшін маңызын анықтау (қимыл-қозғалыстық іскерліктер мен дағдылар, дене қасиеттерін дамыту т. б.) маңызды. Дене жаттығуларының формасы оның ішкі және сыртқы құрылымын көрсетеді. Ішкі құрылым белгілі бір жаттығуды орындап жатқан кезде организмдегі әртүрлі процестердің өз­ара байланысымен сипатталады. Сыртқы құрылым - форма көрінісі, ол қозғалыстың кеңістіктік, мезгілдік, динамикалық параметрлерінің арақатынасымен сипатталады. Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы өзара байланысты. Мазмұн формаға қатысты жетекші рөл атқарады, мысалы, жүгіру шапшаңдығы артқанда адамның ұзындығы және дененің еңкею бұрышы өзгереді. Бірақ форма да мазмұнға әсер етеді: мәселен, алысқа лақтыруда құлаш сермеуді дұрыс орындау дене қасиеттерінің көрініс беруіне әсерін тигізеді (лақтыру қашықтығы артады, мұның өзі бұлшық ет күшінің өзгергендігін дәлелдейді).


http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет