Педагогика тарихы № 4 Орта ғасырлардағы тәрбие және мектеп және педагогикалық ойлар.
ДБОЖ 23-01
Бакирова Аймира
28.09.2023
ҮII-ҮIII ғасырлардың басында Византия қол астында болған Сирия, Египет, Иран, Солтүстiк Африка елдерiн арабтар жаулап, жаңа дiндi исламды алып келдi. Ислам дiнiн негiздеген, өзiн “Алланың елшiсi” деп атаған тарихи тұлға Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж. болды). Мұхаммед және оның iзбасарлары – халифтер ислам дiнiн уағыздауымен қатар, саяси идеяларды таратушы адамдар болған. Құранмен бiрге қасиеттi кiтап – Сұнна (үлгi-өнеге) жазылды, онда ислам тәрбиесiнiң мән-мазмұны ашылып, мұсылман қауымдастарының нақты реттелген хадистер арқылы дiни және әлемдiк өмiр жолдарын ұстауға бағыттайтын 50 мыңға жуық қысқа тапсырмалар жүктеледi. Ислам дiнiнің басты құрамдас бөлiгi – шариғат, құқық және құдайға табынудың нормалық жүйесiн реттейдi. Шариғат этикалық мiнез-құлықтарға негiзделген және оны қоғамдық рөлiне қарай заңдармен теңестiруге болады. Шариғат талаптарын орындау адамнан адалдықты және саналылықты талап етедi.