Байланысты: Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.
1
2
3
1.
Месопотамия (б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта), Барлық Шығыс мәдениетінің көш басшысы, оның территориясында Ур, Урук, Лагаш сияқты ертедегі классикалық мемлекеттердің өркениеті өте жоғары болған
Мектептерінде:
● барлық деңгейдегі хатшылар – дубтер- тақта үйі, шумер және аккад тілдерінде оқу және жазуға даярлағанда олар тарих, география, геология, ботаника, математика, зоология, медицина, мифология, құқық және іс қағаздарын жүргізу, музыка, ән, әдебиеттерді оқып-үйренген.
● діни қызметкерлер- жазу, оқу, билер, музыка, әдеби сипаттағы жаттығулар. Көшіру, ақындық және діни мәтіндерді жаттау арқылы даярланды.
2.
Египет және Қосөзен (б.э.д. ІІ мың жылдықтың 2 жартысы б.э.д. І мың жылдықтың І жартысы)
● мектептегі білім беру орнына тәрбиесі аясында жеке оқыту келді; білім беру орталықтары храмдар бола бастады.
3.
Ежелгі Египет (б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдық),
Мектептері
● храмдар жанында:
діни адамгершілік тәрбие, астрономия, математика, медицина
● фараон сарайы жанында:
денелік және әскери жаттығулар, иероглифтерді оқу және жазу, мінез-құлық ережелері және сарай этикеті
● ірі мемлекеттік мекемелер жанында хатшылар дяарлаған.
Элементарлық мектеп
(5 жастан 12 жасқа дейін) оқу, жазу, арифметика және геометрия практикалық қолдану деңгейінде берілді.
Кеңсе (12 жастан 16 жасқа дейін), атақтарды, географиялық атауларды, техникалық терминдерді, балықтардың, тастардың өсңмдіктердің атауларын жаттау. Жазудың әр түрлі типтерін және египет тілінің түрлерін меңгеру, айтысу өнері және ауызша, жазбаша этикет ережелерін білу
4
Үнді (б.э.д. І мыңжылдық), Білім берудің касталық жүйесі мектепке қабылдау- “екінші рет туылу”
Мектептер
● брахмандардың жоғары касталары үшін (жрецтер) 6-12 жастан 22-24 жасқа дейін
● кшатрийлер үшін (әскерлер, биліктегілер)
- өлеңдер мен әнұрандарды жаттау, философия, шешен сөйлеу, грамматика, әдебиет, математика, тарих, медицина, этика, билер, музыка.
Сондай-ақ салықтар мен өтенімдерді жинайтындарды, казначейлерді даярлады. Вайшілер (саудагерлер, жер өңдеушілер, қолөнершілер) де оқи алды.
Судрлар (тиісуге болмайтындар) білім алуға жіберілмеді. Б.э.д.VI-Vғғ. Буддизм пайда болды. Буддизм- адами ұмтылыстың ең жоғары мақсаты- жанның денеден ажырауы арқылы адам қанағаттануының ең жоғарғы күйіне жету деп түсіндірілді. Адамгершілік идеялар: туысқандық махаббат, қайырымдылық, тірілерді өлтіруге тиым салу, ұрламау, ащыны ішпеу, өз бетінше қыдырмау т.б.
5.
Қытай. Конфуцийге дейінгі кезең
(б.э.д. IV мыңжылдық) Артықшылықпен пайдаланатын сөздік: жрецтер мен аристократия
Аристократ ақ сүйектерді жазудың 6 түріне, оқуға, есептеудің 9 түріне, ауызша сөйлеу дағдыларына, өлеңдерді мәнерлеп оқуға шежірені оқып- үйренуге баулыды.
Әскери дене тәрбиесі; садақпен атудың 5 түріне, дөңгелекпен жүрудің 5 түріне үйретілді.
Жрецтік мектептер: космология, магия, музыка, би, жалпы білім беретін пәндер оқытылды.