«педагогика»


Дәріс 16. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ



бет19/32
Дата16.05.2023
өлшемі186,9 Kb.
#93618
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
«педагогика»

Дәріс 16. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ
Жоспар:
1. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті.
2. Қазіргі мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері.
3. Сабақ. Сабақтың жіктелуі және құрылымы.
4. Дәстүрлі емес сабақ, оның түрлері.
5. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Сабақта топтық жұмысты ғылымдастыру және оның әртүрлілігі.
6. Сабақты талдау- педагогикалық процестің компоненті.
7. Шетел мектептерінде сабақты ұйымдастыруға сипаттама

Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған, белгілі тәртіппен өтетін жұмыс. Оқытуды ұйымдастыру формасы- оқыту процесінің міндеттерін жүзеге асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс- әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері біріңғай жүзеге асады.


Қоғамның даму тарихында мектептердің дамуына қарай оқытуды ұйымдастыру формалары да өзгеріп отырады.
Алғашқы оқыту формасы жеке-топтық болады. Бұл орта ғасырда шіркеулік мектептерде қолданылды. Мектепке оқушылар жылдың әр мезгілінде қабылданды. Әржастағы балалар бөлмеде бірге оқығандықтан, топтық деп аталады. Ал жеке деп аталу себебі мұғалім әр оқушыдан жеке сұрап отырған. Бұрын қазақ жеріндегі молдалардың оқыту осы жеке-топтық оқуға өте ұқсас. Өйткені әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырған және әр баладан жеке сұралған. Оқытудың бұл формасының нәтижесі шамалы болғанымен, сол кездегі оқыту талаптарына сәйкес келген.
Англияда оқытудың сатылы жүйесі немесе Белль-Ланкастер жүйесі пайда болды. Оны ойлап тапқан Белль деген діни қызметкер мен Ланкастер деген мұғалім. Бұл мұғалімдер жетіспеген жағдайда өте қолайлы болды. ХХ-ғасырда Америкада Дальтон-план, Трамп-план деген оқыту формалары пайда болды. Кеңес дәуірінде Россия мектептерінде бригадалық-лабораториялық жүйе енгізілді
Оқытудың кең тараған формасы – клласстық-сабақтық жүйе. Оның негізін салған чех халқының педагогы Ян Амос Коменский. Атынан көрінгендей, бұл жүйеде оқушылар жастарына қарай класстарға бірігіп, оқыту сабақ түрінде жүрді. Жүйенің ерекшелігі:
1. Оқушылар классқа жас ерекшіліктеріне қарай топтастырылады.
2. Класстағы оқушылардың құрамы тұрақты.
3. Жеке пәндер сабақ кестесіне қарай алмасып оқытылады.
4. Оқыту оқу жоспарына, бағдарламаға жәен оқулыққа негізделіп жүргізіледі.
5. Оқыту жылдың тұрақты бір мезгілінде басталып, аяқталады. 6. Оқыту мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет