Педагогикалыќ баєдарламалыќ Ќамтылу (ПБЌ)


-лекция. Кітапхана (Library) панелімен жұмыс. Қозғалысты қамтамасыз ететін қабат құру. Траектория бойынша анимация құру



бет30/65
Дата13.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#25397
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Байланысты:
лекциялар

7-лекция. Кітапхана (Library) панелімен жұмыс. Қозғалысты қамтамасыз ететін қабат құру. Траектория бойынша анимация құру.

  1. Movie символдық типі және Motion Tween қозғалыс анимациясымен жұмыс. Rotate параметрін орнату және оны пайдалану. Клипті Bandwidth Profiler режимінде тестілеу.

  2. Қозғалысты қамтамасыз ететін қабат құру. Motion Tween анимациясын бағытталған қозғалыс үшін пайдалану. Motion Guide Layer. Қабаттардың Layer Properties панелінде көрсетілетін қасиеттері.

  3. Траектория бойынша анимация құру. Orient to Pass параметрі. Guide типті қабатпен жұмыс.

Кез келген Flash фильмін құратын кезде объекті – бағытталған жолды қарастырамыз. Бұл дегеніміз, кез келген объект өзінше бір объект болып саналады, оның өзіне тән қасиеті және тек сол объектіге ғана қатысты болатын іс-әрекеттер болады. Мысалға, «текст» объектісі үшін, оның өлшемі, түсі, жазылу, көріну түрі болады. Оны көшіруге, өшіруге, қиуға, оларды гиперсілтемеге айналдыруға болады. Басқа объектілер туралы да дәл осылай айтуға болады. Объект деген түсініктеме, символ (Symbol) көп жағдайда терминімен сипатталады. Символ дегеніміз, объектінің, анықталған қасиеттері бар, шаблоны. Символ, символдар кітапханасында (Library) сақталып, бір фильмде бірнеше рет қолданыла алады. Әрбір символдың жаңа көшірмесі символ дарасы (Instance) деп аталады. Бұл дараның қасиетіне қолданылған өзгеріс кезінде, кітапханадағы басқа да даралардың қасиеті автоматты түрде өзгереді.

Фильмде түрлі объектілер қолданылады. Әр элементтің іс-әрекетін сипаттау үшін, оларды әр қайсысын әр қабатқа (Layer) орналастырады. Flash құрушылары бұл қабатты түссіз қағазбен салыстырады. Осындай қағаздарды жинап сіз сахналық қойылым жасай аласыз. Қойылым (Scene) – Flash пен жұмыс істеуде кездесетін тағы бір термин. Әрбір қойылым қандай да бір анықталған қабаттар байланысынан тұрады. Жай фильмдер үшін, бір қабаттан тұратын жай ғана қойылымнан жасайды. Күрделі фильмдер әр түрлі дайындалған қойылымдардан тұрады. Бір қойылымнан екіншіге өту уақыт диаграммасын емес, басқа механизмді пайдаланды. Әйтпесе олар, орналасқан реті бойынша ойнала береді.Фильм егер көрік пен тартымды күрделі құрылымдармен ерекшелеу керек болса, ActionScript пайдаланылады.

Күрделі фильмдерді құру кезінде клип (Clip, немесе Movie clip) өте маңызды орын алады. Клип – бұл символдың арна йы түрі. Бұл мини-фильмге арнайы уақыт диаграммасы құрылады, және жеке параметрлері қондырылады (мысалға, кадрлар алмасу жиілігі). Клипті, фильмін басқа да элементтері тәрізді, кітапханаға, тағы да қолдану үшін, қосып қоюға болады. Әрбір дарасы үшін, есім беруге болады.

FLASH ФИЛЬМІН ҚҰРУДАҒЫ РЕТТІЛІК.

Windows қа арналған бағдарламаның көбісінде, оны жүктеген уақытында, автоматты түрде, бос дайын шаблон терезесі ашылады. Мысалға Word процессорын жүктеген уақытта, бос документ ашылады, бұл жерге сіз мәтін, графика немесе сурет қоя аласыз. Flash та да, дал осылай ұйымдастырылған. Алғаш жүктеген уақытта, автоматты түрде, жаңа фильм құратын (дәлірек айтсақ алғашқы қойылымын жасау үшін) терезе ашылады. Егер керек болса, автор, фильмнің параметрлерін өзгерте алады.

Жалпы параметрлерін қондырғаннан кейін фильмнің алғашқы қойылымын жасай беруге болады. Объектілердің орналасу тәртібін анықтап алғаннан кейін оларды рет ретімен әрбір жаңа қабатқа орналастыра беруге болады. Қабат параметрлерін өзгерту фильмді құрудағы ең бір жауапкершілікпен қарайтын бөлім. Фильмдегі қабаттар (яғни, объектілер) бір бірімен байланысып тұратындықтан, келесі бір қабатты сипаттағаннан кейін, алдындағы қабаттарды қайта жөндеу керек болады. Мұнын еш қиындығы және қорқыныштылығы жоқ., бұл Flash бағдарламасына таңсық емес. Жаңадан қойылатын объектті кітапханадан алуға болады немесе жаңадан құруға болады. Flash сізге ойыңызда тұрған бейнені экран бетіне салу үшін барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етеді. Бір бейненің объектілерін басқа суреттерден импорттап та алуға болады. Құрылған фильмді немесе жасап болып отырған іс әрекеттің жұмысын тексеру үшін, Flash тестіден өткізіп отыруға мүмкіндік береді. Әр жасалған өзгерістен кейін сақтап алып отыруды ұмытпаңыз.

Фильммен жұмыс жасап болғаннан кейін, ойланыңыз сізге бұл фильм неге керек? Егер тор бетіне салу үшін болса, онда жүктелу уақытын ескеруді ұмытпаңыз. Бұл үшін арнайы уақытқа тестілейтін қосымшасы бар Flash бағдарламасының




  1. Қозғалысты қамтамасыз ететін қабат құру. Motion Tween анимациясын бағытталған қозғалыс үшін пайдалану. Motion Guide Layer. Қабаттардың Layer Properties панелінде көрсетілетін қасиеттері.

Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде.

Оқу пәнінің вариативті бөлігі мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім стандартына сәйкес қосымша оқыту бағдарламаларын енгізуге және іске асыруға бағытталған. Білім мазмұнының вариативті бөлігі оқушылардың дамуының жеке сипатын қамтамасыз етеді және оқушылардың тілектері мен ата-аналарының сұраныстарын ескере отырып құрылады. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында әртүрлі таңдау курстары ұсынылуда.

Осыған орай Macromedia Flash программасының мүмкіншіліктерін үйрететін таңдау курсын жүргізу – қазіргі таңдағы білім беру талаптарына сәйкес оқушыларды шығармашылдыққа, ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімдеуге ықпал етері сөзсіз.

Таңдау курсында: эффектілер мен анимация тәсілдері қолданылған қарапайым қосымша бағдарламаларды жасауды; фильмді басқаруда қарапайым скриптілерді құруды; *.swf форматында дайын жұмыстарды публикациялауға; Macromedia Flash программасы туралы қосымша мағлұматтарды өз бетінше табуға; интернет желісінде жұмысын орналастыруға оқушыларды үйретуге мүмкіндік береді.

Flash технологиясы ақпаратты жүйе өндірісінде кең қолданыс тауып отырған кезде, осы таңдау курсы қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау талабын қанағаттандырады.

Сіздерге «Macromedia Flash программасының мүмкіншіліктері» атты таңдау курстың бір сабаған ұсынып отырмын.
Тақырыбы: Анимацияның формалары.

Қарастырылатын сұрақтар:

• Объектіні трансформациялау (пішінін өзгерту).
Мақсаты: Объектіні трансформациялау түрінде анимация құру.
Пішінін (форма) өзгерту анимациясы қозғалыс анимациясына ұқсас.

Объектінің қасиетін өзгерту (орны, өлшемі, бұрылуы, түссіз /прозрачность/) анимациясынан басқа объектінің пішінін өзгерту анимациясын құруға болады.

Пішінін өзгерту анимациясында жұмыс бетінде объектілер біріктірілген болмауы тиіс (разгруппирован). Яғни, объект символ болмауы және бір жұмыс бетінде орналасқан бірнеше объектілер бірігіп, бір символ болмауы тиіс.
Пішінін өзгерту анимациясын құру жолы:

1. Әр түрлі объектілері бар екі бөлек негізгі кадрлар құрыңыз.

2. Бірінші кадрдан бастап екінші кадрға дейін белгілеңіз.

3. Properties алаңынан Tween: тізім батырмасынан Shape командасын қосыңыз.

Белгіленген кадрлардың арасы ашық жасыл түсті сияға боялады және арасында бағыттауыш қойылады. Егер бағыттауыштың орнына үзік сызық болса, онда жасаған әрекетте қате бар.
Пішінін өзгертуде нүктені белгілеу.

1. Әр түрлі объектілері бар екі бөлек негізгі кадрлар құрыңыз.

2. Бірінші кадрдан бастап екінші кадрға дейін белгілеңіз.

3. Properties алаңынан Tween: тізімінен Shape командасын қосыңыз.

4. Бірінші кадрды белгілеп, Modify/Shape/Add Shape Hint командасын орындаңыз.

Объектінің үстінде латын әріптермен жазылған қызыл түсті нүктелер пайда болады. Олар пішінін өзгерту жағдайын белгілеу нүктелері (морфинг-точка привязки) деп аталады. Олардың орнын ауыстыруға болады.

5. Дәл осы әрекетті екінші негізгі кадрда жасаңыз. Содан кейін қызыл нүктелердің түсі өзгереді: бірінші кадрда – сары түсті, екіншісінде – жасыл түсті. Егер нүктелер осындай түстерге боялса, олар дұрыс қойылған.

Нүктелер объектінің жиек сызығында немесе құйылған сия (заливка) шетінде орналасуы қате деп саналады.

Керісінше қойылған барлық нүктелерді мүлдем алып тастау үшін Modify/Shape/Remove All Hints командасын орындау қажет. Ал белгілеу нүктелерді қосу/өшіру әрекетін орындау үшін View/Show Shape Hints командасын орындау керек.
Тапсырма.

• Мәтін құралын пайдаланып «А» әрпін жазыңыз.

• 15-кадр негізгі кадр болсын.

• 15-кадрдағы «А» әріпін алып, тастап орнына «Ә» әріпін жазыңыз.

• сол әрекеттерді жалғастырып, 30-шы кадрға «Б», 45-кадрға «В», 60-кадрға «Г» әріптерін енгізіңіз. Енгізілген әріптердің түсін өзгертіңіз.

• Соңғы кадрдағы «Г» әрпін белгілеп Modify/Break Apart бөлектеу командасын орындаңыз. Дәл осы әрекетті 45, 30, 15, 1-кадрларға орындаңыз.

• Properties алаңынан Tween: тізімінен Shape командасын қосыңыз.

• Нәтижені көру үшін менюден Control/Test Movie командасын орындаңыз.

Ескерту: жасалған анимация Flash Movie (.swf) типінде сақталады.
Тапсырма.

• Әр түрлі суреті бар, әр түрлі пішінде құттықтау қағаза (открытка) қиындысын үш негізгі кадрға жасаңыз (объектіні суретпен құйыңыз).

• Кадрлардың барлығын белгілеп, Properties алаңынан Tween: тізімінен Shape командасын қосыңыз.

• Бірінші кадрға пішінін өзгеру нүктесін (морфинг) қойыңыз: Modify/Shape/Add Shape Hint командасын орындаңыз.

• Құрастырылған анимацияны көріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет