Ізгілікті (гуманистическая) педагогика – шәкіртті педагогикалық үрдістің субъекті ретінде танып, адам менмдам арасындағы қатынасты ұлықтай білген педагогика.
Интерактивті қарым қатынас –адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста,көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуіне бағытталған қарым-қатынас.
Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп адамдардың біреуі.
Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар.