ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАКТИКА педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы.
Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар:
*
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (оқушымен жеке сөйлесу– мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек)
*
Білімді бағалау. (жақсы баға –обьективті (оқушылар сөзімен айтқанда-әділ) баға.
*
Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.
*
Әзіл. Тапқыр сөз. (өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушылар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді).
Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
Пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;
Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс–тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.