Педагогикалық ғылыми зерттеудің белгілері



Дата15.11.2023
өлшемі41,84 Kb.
#123062
Байланысты:
238-245


Педагогикалық ғылыми зерттеудің белгілері.
Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы үрдістер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілерін төртке бөліп қарастырған.

  • біз қоятын мақсаттардың сипаты.

  • зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру.

  • танымның арнайы құралдарын қолдану.

  • терминологияның бір мәнділігі.

Педагогикалық зерттеу түрлері.
Типология бойынша зерттеудің жіктелуі 60-ыншы жылдары пайда болды. И. Т. Огородников жұмыстың үш түрін бөліп көрсетті. Олар педагогика жетістігінің

  • теориялық және практикалық қортындысын шығаратын қортынды зерттеу,

  • көп қырлы тәжірибелік әрекеттердің заңдылықтарын ашатын және жеке жақтарын тереңдетіп зерделеуге бағытталған жұмыстар,

  • оқу тәрбие мекемесінің жеке типтеріндегі өскелең ұрпақтың тәрбиесі және оқыту тәжірибесіне тікелей жетекшілік ететін мақсатта құрылған нормативті және құрылымды әдістемелік қайта өңдеулер.

Данилов М. А. берілген жіктелуді шартты және салыстырмалы деп есептеді. Кейінірек ғылымтануда зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің зандылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Олар ғылыми білімді кеңейтуге бағытталған, ғылыми ізденіске жол сілтейді, қолданбалы зерттеу және жасалымға арналған база құрады. Қолданбалы зерттеулер оқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді. Әрбір пәннің көлемінде іргелі де, қолданбалы зерттеу де болуы мүмкін. Бұған дәлелді біз педагогикалық іс-әрекет түсінігіне талдау берілген В.В. Краевскийдің жұмысынан табамыз. Ол өзіне тәрбиешілер, мұғалімдер іс-әрекетін ғана емес, сонымен қоса педагогика саласындағы ғылыми іс-әрекетті, мұғалімдерге педагогика ғылымындағы материалдардың берілуін, педагогика саласындағы ғылыми әрекетті бағыттайтын және реттейтін басқарушылық жұмысты да қамтиды. Жіктелу нысандарының белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, зерттеудің тәуелсіз жіктелінген топтамаларға бөлінуі - ғылыми-педагогикалық зерттеу жіктелуінің негізіне фасетті әдіс лайық. Зерттеу қасиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді. Бірінші фасет - зерттеу міндеттері -ғылыми қызметкерлердің, ғалым-педагогтердің өздерінің алдына қоятын мақсаттары, жан-жақты жоспарланған нәтижелерге бағытталып жүргізетін жұмысы сипатталады. Екінші фасет – зерттеу нәтижелері - ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін көрсетеді. Үшінші фасет - зерттеу мекен-жайы – ғылыми және тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қызығушылық тудыратын ұйым мен ортаны анықтайды. Төртінші фасет - құжат түрлері - ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым типтерін сипаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет