Педагогикалық инновация- баланың жеке тұлғасының қалыптасу процесінің мәдени дәстүріндегі басқа концепциямен байланысты, білім беру процесіне деген басқа көзқараспен және жолмен байланысты білім беру іс-әрекеті.
Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн.
Педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті деген ұғымның бірнеше жолын анықтауға мүмкіндік береді:
инновациялық іс-әрекет мұғалімнің жеке тұлғасының даму тұрғысынан қарағанда іс-әрекетке деген қарым-қатынастың, іс-әрекет түрлерінің ауысуын ұсынатын өзіндік сана нәтижесі ретінде қарастырылады.
- тұлғаның танымдылық белсенділік тұрғысынан алғанда инновациялық іс-әрекет «инновациялық, шығармашылық әлеуеттің» қайнар көзі ретінде көрінеді.
педагогикалық іс-әрекеті тұрғысынан идеалды әдістемелер мен бағдарламаларды іздеу, оларды оқыту тәжірибесіне енгізу, жаңалықтарды игеру үдерісі, шығармашылық іс-әрекеттің өнімі, озат тәжірибелер
Педагог инновация субъектісі ретінде. Инновация тағдыры тікелей субъектінің оған қатынасына тәуелді болғандықтан инновация субъектілері туралы мәселе маңыздылыққа ие. Субъект – бұл қоршаған ортаны танушы және қайта жасаушы, сана мен ерікке ие адам ғана емес, сонымен бірге өз белсенділігін ұйымдастыра алуға қабілетті тұлға. «Тұлғаның өз белсенділігін ұйымдастыруы мобилділігіне, іс-әрекет талаптарына сәйкестігіне, басқа адамдар белсенділігімен үйлесуіне тоғысады. Бұл жәйттер тұлғаның іс-әрекет субъектісі ретінде маңызды мінездемесін құрайды. Олар жүзеге асыруға қажетті іс-әрекетті, психологиялық сапаларды реттеудің жеке тұлғалық тәсілін анықтайды»
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің өлшемдерінің сипаттары: мотивациялық шығармашылық бағыт, жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі. Осының ішіне басқарудың жаңа құндылықтары мен мақсаттары, басқарудағы жаңа енгізулер, дамыту бағдарламасын, түрлі типтегі оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларды әзірлеудегі технологиясы мен әдіснамасы, білім беру субъектілерін әлеуметтік-құқықтық қорғауы, педагогикалық кадрлардың аттестациялануы да жатады.
Оқушы инновация субъектісі ретінде. Әдебиеттерді талдай отырып, технологияларды енгізу арқылы тек оқыту сапасын ғана арттыру емес, сонымен бірге оқушылардың ақыл ой еңбегі мәдениеті мен өзбеттілігін, белсенділігін көтеруге болады, оқушы мен мұғалімнің құндылық бағдары мен мотивациялық тұғырларын өзгертуге болады.
Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер:
А) оңтайлылық нәтижелер алу үшін жұмсалатын мұғалімдер мен оқушылар күші , құралдар шығынын тиімдендіру көрсеткіші;
Б) нәтижелік- мұғалімдер іс-әрекетінде алынған нәтижелердің белгілі бір тұрақтылығы;
В) жаңалықтарды жаппай тәжірибеде жасампаздықпен қолдану мүмкіндіктері болуы.
Бұл критерийлерді білу педагогикалық жасампаздық іс-әрекеттің негізі болып табылады.
Педагогтың инновациялык іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады: • өзінің жеке касеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, кабылдау кабілеті;
• жаңа ғылыми идеалар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
• жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге еңгізумен;
• педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдері өз бетінше жасаумен:
• педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен.
Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялык іс-әрекеттінің көрсеткіштері мыналар:
• педагогикалық еңбектің тиімділігі:
• оқу- тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағытарының бірлігі;
• жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының калыптасуы;
• Мұғалім беделінің өсуі,
• Оқушылардың істі талдау әдіс- тәсіліне, диактикалық ойларға үйренуі;
• Оқу және үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашулары.