ШҚУ Е Ф 002-20-08
Сынып ұжымына психологиялық-педагогикалық мінездеме
Өскемен қаласы бойынша
білім бөлімінің
« №47 жалпы
білім беретін мектеп» КММ
5 «Д» сыныбына
Мінездеме
Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі « №47 жалпы білім беретін
мектеп» КММ 5 «Д» сыныбы. Сынып өте ұйымшыл,сыйластықтары өте
жақсы. Сабақ уақытында бірінің сөздерін мұқият тыңдайды.Сынып
гуманитарлық бағытында білім алады.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Сыныптан тыс жұмыстарды
сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып әкімі мен тәрбие секторы
ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға
тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр
оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі. Сынып
іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман
қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады.
Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Сыныптағы ұлдар мен
қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап,
олардың ырықтарына көніп отырады. Сынып оқушылары сабақ жағына
мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп
ұйымдастырып, құштарлана қатысады.
Оқушылардың осы қасиеттерін ескере отырып, республикамыздың дамуына
үлестерін қосар, алға озар азаматтардың бірі болуына тілектеспін және
оларға сенемін.
Бекітілген практикант 3 курс студенті: Айтбаева.С.Р _____________
Сынып жетекші: Қуанғанова К.М _____________
Достарыңызбен бөлісу: