Педагогикалық қызметтің құрылымы мен мәні


Педагогикалық қызмет үш моделі



бет2/8
Дата06.10.2023
өлшемі452,11 Kb.
#113004
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
M0x8vzu-lzA6-XanmzxtVQ

Педагогикалық қызмет үш моделі:


мәжбүрлеу педагогикасы (авторитарлық педагогикасы),
толық бостандық педагогикасы
серіктестік педагогикасы

Мәжбүрлеу педагогикасы (авторитарлық педагогикасы)

Авторитарлық тәрбие - тәрбиелеушінің еркіне бағынушылықты қарастыратын тәрбиелік концепциясы. Балалар белсенділігінің дамуын, олардың жеке даралық қабілеттерін тұншықтыратын, тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің арасында кері пиғыл туғызатын тәрбие. Педагогикалық басшылықтың авторитарлық стилі билік қатынастарға негізделген, оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін мойындамайтын, тәрбиеленушілермен әрекет жолдарында адамгершілік тәсілдерін ескермейді. Авторитарлық педагогиканың принципі - мұғалім - субъект, ал оқушы - тәрбиелеу мен оқытудың объектісі. Баланы басқарудың түрлі әдістері мұқият карастырылған: қауіп, бақылау, бұйыру, тыйым салу, жазалау. Сабақ қатаң ұйымдастырылған, екпін тәрбиелік окытуға түседі. Көрнекті өкілі - Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841). Мұндай стиль педагогқа ерекше мамандандырылған сипат туғызады: догматизм, күнәсіздік сезімі, педагогикалық әсірелеушілік, ойларындағы кешірімсіздік. Педагогикалық қызметтері оның бір көрінісі - морализацияны пайдалану

Серіктестік педагогикасы

«Серіктестік педагогикасы» білім беру процессінің субъектілерін бірлескен іс-әрекетін әрқайсысы жеке тұлға болып енетін, тең құқылы екі серіктестердің қарым-қатынасы ретінде қарастырады. Оқушы және мұғалім арасында өзара әрекеттесу бойынша жетекші рөл соңғысына тиесілі болуы қажет. Мұғалім серіктестікте педагогикалық белсенді ұстаным,тұлғалық мүдделілігін көрсетуі қажет. Бірақ, «серіктестік педагогикасы» педагогтың тұлғалық нұсқауларын қарастыра отыра, педагогикалық толеранттықтың даму жолдарын қарастырмайды.


Педагог (гр. рaіdagogs — тәрбиеші) — білім беру, тәрбиелеумен немесе тәрбие мәселесімен айналысатын маман. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі, арнаулы орта, жоғары оқу орнының оқытушысы, мектепке дейінгі мекеменің, мектеп-интернаттыңбалалар үйініңтүзету колониясының тәрбиешісі, педагогиканың ғылыми мәселелерін зерттеуші ғылыми қызметкер педагог делінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет